
Норвегияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының (ІА) төртінші ойынында Қазақстан құрамасы словениялық қарсыластарын жеңіп кетті. Роман Ермак дубль жасаса, Даниил Цыбин мен Всеволод Логвин бір-бір нәтижелі соққыны еншілеріне жазды. Роман Шефер 27 соққыға тосқауыл болды.
Қазақстан – Словения 4:2 (2:0, 1:1, 1:1)
1:0 – 01:12 – Ермак (Нұрлан)
2:0 – 17:35 – Цыбин (Логвин)
3:0 – 24:29 – Ермак (Логвин, Роев) СБШ
3:1 – 33:23 – Подрекар (Маковеч, Беричич)
3:2 – 42:01 – Сливник (Лангус)
4:2 – 47:56 – Логвин (Нұрлан)
Қақпашылар: Шефер – Зупанчич (Колин, 24:29-60:00)
Төрт матчтан кейін 9 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнирлік кестеде екінші орында тұр. Чемпионаттың шешуші кездесуі 17 желтоқсаннан 18 желтоқсанға қараған түні өтеді. Александр Истоминнің шәкірттері Норвегия командасына қарсы ойнайды. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталалы. Элиталық дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан құрама командасы жеңіске негізгі уақытта қол жеткізуі керек.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.