Спутник - Снежные Барсы кездесулері қарсаңында
05 Қазан 2026

Спутник - Снежные Барсы кездесулері қарсаңында

«Снежные Барсы» қазан айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Алметьевскіде бастайды. Астаналық команда «Спутникке» қарсы екі матч өткізеді.

Алметьевск командасы Нижнекамскіде өткен кездесуден кейін өз алаңына оралды. Эдуард Дмитриев ойыншылары қарсыласын овертаймда 3:2 есебімен жеңді. Негізгі уақытта Данил Фахрутдинов пен Руслан Каримов шайба соқты. Ал қосымша уақытта жеңіс голын Владимир Сафонов соқты.

Бұған дейін «Спутник» Астанаға келіп, «Снежные Барсы» командасымен екі рет кездескен еді. Екі ойынның нәтижесі бойынша командалар бір-бірден жеңіске жетті. Алғашқы матчта қонақтар 5:3 есебімен басым түссе, екінші кездесуде астаналықтар буллиттер сериясында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Снежные Барсы» командасын өз алаңында қабылдар алдында «Спутник» турнир кестесінде 7 ойыннан кейін 9 ұпаймен 4-орында тұр. Соңғы бес кездесуде команданың ең нәтижелі ойыншысы - Вилен Тазиев. Оның еншісінде 5 ұпай (2+3).

«Снежные Барсы» өз алаңындағы сериясын пермьдік «Молотқа» қарсы екі ойынмен аяқтады. Бұл кездесулерде командалар бір-бірден жеңіске жетті. Алғашқы матчта Ильгиз Нуриев ойыншылары 5:4 есебімен жеңіске жетіп, маусымдағы өз алаңындағы алғашқы ұпайларын иеленді. Леонид Ждановский астаналық команда сапындағы алғашқы шайбасын соқты. Сондай-ақ негізгі уақытта Илья Громов, Жахангер Тілеухан және Александр Симахин мергендік танытты. Ал овертаймда жеңіс шайбасын МХЛ-дегі алғашқы голын соққан Спартак Чукреев енгізді.

Екінші кездесуде «Снежные Барсы» қарсыласын жеңе алмады. Ойын 3:4 есебімен аяқталды. Владислав Ануфриев дубль авторы атанса, Тимур Миндубаев та бір шайба соқты.

Қазіргі таңда «Снежные Барсы» 11 ойыннан кейін 8 ұпай жинап, турнир кестесінде 6-орында келеді. Соңғы бес матчтағы команданың үздік сұрмергені - Матвей Умеренков. Оның көрсеткіші - 4 ұпай (1+3).

Матч Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.

Кездесудің тікелей көрсетілімі МХЛ-дің YouTube арнасында қолжетімді болады.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Барыс

Жас Қыран академиясының тәрбиеленушілері Барыстың жастар командасын қолдады

new-preview
Барыс

Барыс оңтүстік астанадан төрт ұпай алып қайтты

new-preview
9 фото
Барыс

Алматы - Барыс