Номад қазан айын Петропавлдың Құлагеріне қарсы өтетін қысқа үй сериясымен бастайды.
01 Қазан 2026

Номад қазан айын Петропавлдың Құлагеріне қарсы өтетін қысқа үй сериясымен бастайды.

Петропавлдық команда оңтүстік астанадағы ойындардан кейін сырт алаңдағы сериясын жалғастырады. Алғашқы кездесуде Андрей Спиридонов ойыншылары 1:2 есебімен овертаймда есе жіберді. Команданың жалғыз шайбасын Александр Воробьев соқты. Екінші ойында «Құлагер» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, қарымта қайтарды. Владимир Боровков пен Дмитрий Исмагилов мергендік танытты.

«Номадпен» кездесер сәтте «Құлагер» турнир кестесінде 12 ойыннан кейін 19 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарында тұр.

Константин Пушкарев ойыншылары алғашқы ойын айын «Сарыарқаға» қарсы кездесулермен аяқтап, екі ойында да жеңіске жетті. Бірінші матчта «Номад» 4:2 есебімен басым түсті. Бұл ойында Темірлан Китаров, Александр Мигунов, Батырлан Мұратов және Олег Бойко шайба соқты. Екінші кездесуде есеп 4:1 болып, Абзал Әлібек, Александр Макаров, Темирлан Китаров және Артем Королев мерген атанды.

Қазіргі таңда «Номад» 12 ойыннан кейін 23 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр.

Матч сағат 14:00-де басталады.

Ойынның тікелей көрсетілімі Ligasy TV YouTube арнасында қолжетімді болады.


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис өкілдері Қазақстан әйелдер құрамасына Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуға көмектесті

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы