«Барыс» маусымдағы екінші сырт алаңдағы ойындар сериясын «Спартакқа» қарсы матчпен аяқтайды.
«Қызыл-ақтар» «Барыспен» кездескенге дейін қатарынан бес рет жеңіліс тапты. Жұма күні мәскеуліктер өз алаңында Александр Смолин қорғаған қақпаға шайба енгізе алмай, «Металлургтен» 0:2 есебімен ұтылды. Алексей Жамнов ойыншыларының өздері жасап отырған қауіпті сәттерді голға айналдыра алмай жүргенін атап өтті.
«Спартак» 11 матчтан кейін 11 ұпай жинады. Команда сапындағы ең нәтижелі ойыншы - Александр Беляев (6+2). Артём Загидуллин чемпионаттағы сенімділік коэффициенті (1,21) және сейв пайызы (95,4%) бойынша үздік қақпашылардың қатарында.
«Барыс» өткен турда Нижнекамскіде «Нефтехимикті» овертаймда 5:4 есебімен жеңді. Кездесудің үшінші кезеңінің ортасына қарай астаналықтар екі шайба айырмасымен жеңіліп жатқан еді. Бұл матчта Джастин Бэйли (8+6), Тайс Томпсон, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон және осы маусымда 10 ұпайлық межеден асқан Семён Симонов мергендік шеберліктерін танытты. Всеволод Логвин қатарынан алтыншы матчта ұпай жинады. Қазақстандық клубтың бас бапкері Михаил Кравец ойыншыларының соңына дейін жеңіске сеніп, мінез көрсете білгенін атап өтті.
Астаналықтар 11 ойыннан кейін 12 ұпайға ие. Чейз Приски (2+7) чемпионаттағы ең нәтижелі қорғаушылардың қатарында. Ал Семён Симонов (+11) қазіргі таңда Лиганың ең пайдалы ойыншысы.
«Спартак» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы KHL, KHL Prime және Qazsport телеарналарында көрсетіледі.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қорының» КҚ.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.