СКА – Барыс матчы қарсаңында
08 Желтоқсан 2024

СКА – Барыс матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Guest (2).jpg

«Барыс» екі матчтан тұратын сырт айдындағы ойындар сериясын Санкт-Петербургте түйіндейді.

Өткен турла санкт-петербургтік команда өз айдынында мәскеулік «Динамодан» жеңілді (2:4). Григорий Кузьмин мен Арсений Грицюк соғылған шайбалар авторы атанды. Қақпашы Павел Мойсевич 38 соққыға тосқауыл болды. Роман Ротенберг командасына мінез үшін алғыс айтып, шәкірттерінің бір артық қателік жасағанын атап өтті.

Маусымның 33 матчында СКА 42 ұпай олжалаған, команда – биылғы тұрақты чемпионаттағы ең нәтижелі ұжым (122 шайба соққан). Команданың ең басты жұлдызы мен үздік сұрмергені Евгений Кузнецовтың еншісінбе 28 (10+18) ұпай бар. 15 гол соққан Сергей Плотниктв Лиганың үздік бес снайперінің қатарына кіреді. Энтони Де Анджело (4+20) – чемпионаттың ең үздік ассистенттері мен сұрмерген-қорғаушыларының бірі. Қорғаушы Артеи Земченов пен шабуылшы Захар Бардаков жарақаттанған ойыншылар тізімінде.

«Барыс» жұма күні «Северстальден» жеңілді – 3:5. Антон Бурдасов дубль авторы атанып, осы матчтан кейін ол команданың осы маусымдағы үздік снайпері атанды (8 гол). Тағы бір шайба ҚХЛ маусымында нәтижелілігі бойынша жеке рекордын қайталағанн Әлихан Әсетовтің еншісінде. Иван Николишин екі нәтижелі пас беріп, көзге түсті. Андрей Шутов 39 соққыны кері қайтарған. Ғалым Мамбетәлиев командасының бірінші шайбадан кейін сенімді ойнай бастағанын, алайда кездесу соңында ауысым кезінде жіберілген қателік матчты құтқаруға мүмкіндік бермегенін айтты. Қазақстандық ұжымның қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 35 кездесуден кейін 21 ұпай.

 

СКА - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

video-preview
Barys

«Барыс» | Фитнес жаттықтырушысы Евгений Шаников

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан құрамасы қысқы Азиаданың ширек финалында Гонконгпен ойнайды

new-preview
Barys

Ансар Шайхмедденов. ХАРБИН-2025 І Студиялық бағдарлама