Салават Юлаев – Барыс матчы алдында
17 Тамыз 2026

Салават Юлаев – Барыс матчы алдында

«Барыс» маусым алдындағы ойындар бағдарламасын Уфада өтетін Башқұртстан Республикасы Кубогындағы кездесумен бастайды.

Елордалық команданың алғашқы қарсыласы - турнир қожайыны «Салават Юлаев». Виктор Козлов ойыншылары маусымаралық кезеңде құрамға ауқымды өзгеріс енгізбей, жекелеген позицияларды күшейтумен шектелді. Командадан кеткен Алексей Василевский, Александр Хохлачёв және Денис Янның орнына Солтүстік Америкадан оралған Александр Алексеев пен тәжірибелі Вадим Шипачёв қосылды. Шипачёв Минскіден Уфаға ауысты. Сонымен қатар команда сапында Лиганың үздік шабуылшыларының бірі Шелдон Ремпал қалды.

Тамыз айын «Салават Юлаев» өз алаңындағы оқу-жаттығу жиындарына арнады. Сондықтан  «Барысқа» қарсы кездесу команда үшін жаңа тұрақты чемпионат басталар алдындағы алғашқы сынақ болмақ. «Барыс» та соңғы жылдардағы дәстүр бойынша оқу-жаттығу жиынының бастапқы кезеңін Астанада өткізді. Команда қатарына жаңа ойыншылар қосылғанымен, негізгі құрамның барлық өкілі Уфаға барған жоқ. Бұл жастарға өздерін тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік береді.

Турнирге «Снежные Барсы» сапынан Дамир Бритиков, Тимур Миндубаев және Темірлан Айболұлы, сондай-ақ екіжақты келісімшарт негізінде командада жүрген Абзал Әлібек пен Асанәлі Сәркенов аттанды. Башқұртстан Республикасы Кубогының басталуына дейін «Барыс» ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы алдағы маусымдағы команда капитанын анықтады. Капитан міндетін Кирилл Савицкий атқара береді. Капитанның көмекшілері қызметін Джейк Масси, Самат Данияр және Мэйсон Морелли атқарады.

«Салават Юлаев» – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Тікелей трансляция KHL Prime телеарналарында көрсетіледі.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК серіктесі – «Индустрия, туризм және спортты қолдау қоры» КҚ.

GD SOCIAL.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы