Нефтехимик – Барыс матчы алдында
02 Қазан 2026

Нефтехимик – Барыс матчы алдында

«Барыс» Нижнекамскіде сырт алаңдағы ойындарын жалғастырады.

«Нефтехимик» өткен турда Хабаровскіде «Амурдан» 0:1 есебімен жеңіліп, қатарынан үш матчқа созылған жеңісті сериясын үзді. Бұл серия аясында татарстандық клуб бір апта бұрын Астанада «Барысты» 6:3 есебімен ұтқан болатын. Қонақтар қарсылас қақпасына 23 соққы бағыттағанымен, Максим Дорожконың қақпасынан саңылау таба алмады. Игорь Гришин командасының ұзақ сапардан шаршағанын атап өтті. Оның айтуынша, ойыншылардың әрекетіндегі техникалық қателердің көп болуы жеңілістен құтылуға мүмкіндік бермеген.

«Нефтехимик» 11 кездесуден кейін 15 ұпай жинап, Шығыс конференциясының үздік үштігінде сенімді түрде орналасып отыр. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Андрей Белозёров (4+9) қыркүйек айының үздік шабуылшысы атанды.

«Барыс» сәрсенбі күні Қазанда «Ак Барспен» өткен кездесуде 1:4 есебімен жеңіліп, қатарынан үшінші ойында ұтылды. Астаналық клубтың жалғыз голын Всеволод Логвин соқты. Осылайша ол команда сапында маусым басынан бері 10 ұпайға (4+6) жеткен үшінші хоккейші атанды. Логвин қатарынан бес кездесуде нәтижелі әрекетімен көзге түсіп келеді. Михаил Кравец ойыншылары соңына дейін күресіп, бар күшін салғанын, алайда осындай деңгейдегі қарсылас кешірмейтін қателерге жол бергенін айтты.

Қазақстандық команда қыркүйек айын 10 ойыннан кейінгі 10 ұпаймен аяқтап, плей-офф аймағында тұр. «Барыстың» үздік сұрмергені Джастин Бэйли (7+5) соңғы үш матчта нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.

Джейк Масси Лига нұсқасы бойынша қыркүйек айының үздік қорғаушысы атанды. Оның еншісінде 3 гол (оның екеуі жеңіс голы), 5 нәтижелі пас, +7 пайдалылық көрсеткіші және 22 бұғатталған соққы бар.

Бүгінгі кездесуге Қазанда өткен матчта жарақат алған Кирилл Ляпуновтың қатысуы әзірге белгісіз.


«Нефтехимик» - «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

Ойынды KHL және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады


«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» хоккей клубының серіктесі - Туризм және спорт индустриясын ҚҚ.

Match day Away (3).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Sport Qory ұсынған қыркүйек айының қорытындысы бойынша «Барыстың» көрсеткіштері

new-preview
Barys

Барыс қатарынан үшінші рет жеңілді

new-preview
9 фото
Barys

Ак Барс - Барыс