«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясы аясында алдымен Нижнекамскіге табан тірейді.
«Нефтехимик» астаналық клубпен осы маусымдағы үшінші өзара кездесудің алдында қатарынан бес матчта жеңіліс тапқан. Өткен турда нижнекамскілік хоккейшілер Татарстан дербиінде «Ақ Барсқа» жол берді (1:4). Андрей Белозеров қазандық клуб қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы атанды. Филипп Долганов қақпасына жасалған 27 соққыға тосқауыл болды. Олег Леонтьев кездесу басында қазандық клубтың жылдам соққан қос шайбасы жалпы ойынға әсерін тигізгенін айтты.
Маусымның 25 матчында «Нефтехимик» 22 ұпай олжалады. Андрей Белозеров (6+7) пен Евгений Митякин (5+8) – команданың ең нәтижелі ойыншылары. Қорғаушылар Роман Абросимов, сонымен қатар шабуылшылар Владимир Брюквин, Александр Дергачев пен Жан-Себастьен Ди команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде. Осыдан бірнеше күн бұрын маусымды «Барыс»сапында бастаған шабуылшы Владислав Кодола нижнекамскілік команда құрамын толықтырды.
Астаналық хоккейшілер болса, өткен бейсенбіде өз айдынында «Автомобилиске» есе жіберді (1:3). Кездесу барысына айдын иелерінің ойын ережесін көп бұзуы ықпал етті. Никита Сетдиков қазақстандық ұжым сапындағы алғашқы шайбасын соқты. «Барысқа» қайта оралғаннан кейінгі бірінші матчын өткізген Андрей Шутов 41 соққыны кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев жігіттердің ойынға жан-тәнімен беріліп ойнағанын, ешкімге мін таға алмайтынын жеткізді.
23 кездесуде «Барыс» 14 ұпай еншіледі. Команданың сұрмергендері тізімінде жағдай өзгеріссіз – көшбасшы Әлихан Өмірбеков (3+4). Виктор Антипин мен Дамир Жфяров команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде. Сонымен қатар, медициналық себептерге байланысты Роман Старченко сырт айдындағы матчтар сериясына қатыса алмайды.
«Нефтехимик» – «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.