Лада – Барыс матчы алдында
20 Тамыз 2026

Лада – Барыс матчы алдында

Башқұртстан Республикасы кубогінің соңғы матчында «Барыс» «Ладамен» кездеседі.

Соңғы ойын күні қарсаңында тольяттиліктердің еншісінде «Салават Юлаевты» жеңген бір жеңісі бар. Нәтижелі өткен кездесу «Ладаның» пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Шайбаларды Дмитрий Кугрышев, Андрей Алтыбармакян, Расим Шакиров (дубль), сондай-ақ Никита Сетдиков пен Иван Романов соқты. Соңғы екі ойыншы алаң иелерінің бос қақпасын дәл көздеді. «Автозауытшылар» сапында Никита Подскребалин қақпада дебют жасады.

«Барыс» әзірге Уфада ұпай жинаған жоқ. Сейсенбі күні елордалық команда «Амурдан» 1:5 есебімен жеңілді. «Барыс» сапындағы жалғыз шайбаны Самат Данияр соқты. 20 жастағы шабуылшы Абзал Әлібек ҚХЛ деңгейіндегі алғашқы ойынын өткізді. Қақпашы Хантер Шепард осы маусымаралық кезеңде елордалық команда сапында дебют жасаған жаңа ойыншылардың қатарына қосылды.


«Лада» – «Барыс» матчы Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де басталады.


«Барыс» ХК-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.

«Барыс» ХК-ның серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы