Барыс – Трактор матчы алдында
07 Қыркүйек 2025

Барыс – Трактор матчы алдында


КХЛ-дың 2025/2026 жылғы тұрақты чемпионатының алғашқы матчында «Барыс» өткен маусым финалисі «Трактормен» кездеседі.

Челябинск ұжымы маусымды Ашылу кубогынан бастады. Ярославльдегі «Локомотивпен» қарсы ойында «Трактор» буллиттер сериясында жеңіліс тапты (1:2). Қонақтардың жалғыз шайбалық шабуылына үш жаңа ойыншы қатысты – шайбаның авторы Пьеррик Дюбе болса, оған Михаил Григоренко мен Джошуа Ливо көмек берді.

«Барыс» маусымалды дайындық бағдарламасын «Сібірге» қарсы екі өз алаңындағы жеңіспен аяқтады (3:1 және 3:2). Жазғы ойындар барысында команданың жаңа ойыншылары Майкл Веккьоне, Джейк Масси, Мэйсон Морелли және Эмиль Галимов көзге түсті.

Жаңа маусым басталар алдында астаналық клуб сынақтан өткен бірнеше жас хоккейшіні екіжақты келісімшартқа шақырды. Дегенмен, чемпионаттың басында команда жарақат алған Никита Бояркин, Иван Николишин, Роман Старченко және Тамирлан Гайтамировтың көмегін пайдалана алмайды. «Барыстың» жаңа капитаны болып Кирилл Савицкий тағайындалды.

«Барыс» – «Трактор» кездесуі Астана уақытымен 16:30-да басталады. Матч 2011 жылы қаза тапқан «Локомотив» командасының ойыншыларын еске алуға арналады және бір минут үнсіздікпен ашылады.

Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан алуға болады. Ойынды тікелей эфирде KHL Prime телеарнасы көрсетеді.

Матч алдында үшінші қабат фойесінде Роман Старченко мен Иван Николишиннің қатысуымен автограф-сессия өтеді. Басталуы 15:30.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


GAMEDAY NEW.jpg

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Жайлауов – Қазақстан құрамасының бас бапкері, Пушкарёв пен Кудрявцев жаттықтырушылар штабына енді.

new-preview
12 фото
Nomad

PRO LIGASY финалының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

new-preview
Barys
Nomad

Номад – Қазақстанның үш дүркін чемпионы