Барыс – СКА матчы қарсаңында
08 Ақпан 2024

Барыс – СКА матчы қарсаңында


«Барыс» алты матчтан тұратын өз айдынындағы ойындар сериясын СКА командасына қарсы кездесумен жалғастырады.

Санкт-Петербург командасы өткен турда сырт айдында «Авангардқа» қарсы ойнап, екі ұжым мұз айдында нағыз перфоманс көрсетті. Алайда Роман Ротенберг командасының ойын соындағы 5:9 есебіне көңілі толмағаны анық. СКА құрамынан Арсений Грицюк, Марат Хайруллин, Василий Глотов, Павел Дедунов пен Степан Фальковский шайба авторлары атанды. Қақпашылар Никита  Серебряков пен Павел Мойсевичтің әрқайсысы 10 соққыдан кері қайтарды.

Тұрақты маусымның 60 матчында СКА 83 ұпай олжалады. Санкт-Петербургтік ұжым плей-офф жолдамасын иеленді және әдеттегідей Батыс конференциясы көшбасшы командаларының қатарында. Команданың үздік сұрмергені Александр Никишин (15+36) биылғы чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушысы және пайдалылық коэффициенті бойынша Лиганың үздік үштігіне енеді (+27). Одан бір саты жоғарыда СКА тағы бәр ойыншысы Артём Земчёнок тұр (+28). Команданың жарақат алғандар тізімнде қорғаушы Андрей Педан мен шабуылшы Владимир Алистров бар.

«Барыс» сейсенбі күні «Амур» қақпасының кілтін таба алмай (0:2), қатарынан сегізінші рет жеңіліс тапты. Астаналық ұжым қарсылас қақпасына 37 соққы жасағанымен, Игорь Бобковтың осал тұсын таба алған жоқ. «Амурдың» 29 соққысына тосқауыл болған Эдуард Паскуале сапалы ойын өрнегін көрсетті.

Қазақстандық команданың қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз - 59 ойыннан кейін 45 ұпай. «Барыстың» үздік сұрмергені Понтус Обергтің еншісінде 16 гол мен 18 нәтижелі пас бар. Қорғаушы Алекс Грант, шабуылшылар Джозеф ЛаБейт пен Батырлан Мұратов әлі де болса жарақат алғандар тізімінен шығарылған жоқ.

Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.

Ойынды KHL және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

 gd_social (21).jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады