Новосібірлік команда маусымдағы алғашқы кездесуін өткізіп үлгерді. Сенбі күні Ярослав Люзенков ойыншылары Қазанда «Ақ Барс» командасына буллиттер сериясында 3:4 есебімен есе жіберді. «Сібір» сапынан команданың жаңадан қосылған ойыншылары Степан Никулин мен Евгений Кузнецов мергендік танытса, тағы бір шайбаны Тэйлор Бек соқты. Қақпашы Михаил Бердин қақпаға бағытталған 21 соққыға тосқауыл қойды.
«Барыс» Уфа мен Санкт-Петербургтегі турнирлерден кейін маусым басталар алдында Астанада толық құраммен дайындалды.
Өткен аптада елордалық клуб Қазақстан құрамасының қорғаушысы Мади Диханбекпен екіжақты толыққанды келісімшартқа отырды.
Алдағы кездесулерде жаттықтырушылар штабы маусым алдындағы ойындарда жарақат алған Аркадий Шестаков пен Асанәлі Саркеновсіз ойнауға мәжбүр болады.
«Барыс» – «Сібір» матчы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Ойын алдында бір минут үнсіздік жарияланып, кездесу 2011 жылы қаза тапқан «Локомотив» командасының мүшелерін еске алуға арналады.
Билеттерді «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтынан сатып алуға болады.
Ойынның тікелей көрсетілімі KHL және Qazsport телеарналарында өтеді.
«Барыс» ХК-ның бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ.
«Барыс» ХК серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.