«Барыс» өз айдынындағы матчтар сериясын «Ладамен» кездесумен жалғастырады.
Тольяттилік ұжым осы аптада екі рет Новосібірде «Сібірге» жол берді. Екі ойында да бірдей 1:4 есебі тіркелді. «Лада» сапынан Архип Неколенко мен Иван Романов шайба соғып, көзге түсті. Александр Трушков екі ойында жалпы 52 соққыға тосқауыл болғанымен, бұл командасының ұпай еншілеуіне көмектеспеді. Бас бапкері Павел Зубов шәкірттерінің күрес жүргізуде жеңіске жеткенін, алайда жүз пйаыздық мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмағанын айтты.
Маусымның 53 матчында «Лада» 42 ұпай еншіледі. Команданың үзідк сұрмергені Дмитрий Кугрышевтің еншісінде 26 (10+16) ұпай бар. Шабуылшылар Евгений Грошев, Павел Колтыгин, Михаил Фисенко, Владисоав Червоненко мен Егор Черников жарақаттанған ойыншылар тізімінде.
Бейсенбі күні тоғыз жас ойыншысын құрамға қосқан «Барыс» өз айдынында СКА-дан жеңілді – 2:5. Батырлан Мұратов пен ҚХЛ-дағы жүзінші ұпайын олжалаған Никита Сетдиков нәтижелі соққылардың авторы атанды. Қорғаушылар Мстислав Шипилин, Марат Сағымбаев пен Санжар Ибрагим Лигадағы дебютітк матчын өткізді. Ғалым Мамбетәлиев жас шәкірттеріне көңілі толатынын жеткізді.
«Барыс» тұрақты маусымдағы жолын 54 матчта олжалаған 29 ұпаймен жалғастырып келеді. Виктор Антипин пен Антон Бурдасовтың бүгінгі матчқа қатысу-қатыспауы туралы шешім бүгін қабылданады.
«Барыс» - «Лада» матчы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.