Барыс - Авангард матчы қарсаңында
31 Қаңтар 2024

Барыс - Авангард матчы қарсаңында


«Барыс» өз айдынындағы ойындар сериясын «Авангардқа» қарсы матчпен жалғастырады.

Михаил Кравец шәкірттері өткен ойында өз айдынында «Тракторға» есе жіберді (4:5). Айдын иелері кездесудің оныншы минутына қарай 3:0 есебімен алда тұрғанымен, одан соң челябілік команда ойын тізгінін өз қолына ала білді. «Авангард» сапынан Владимир Ткачёв, Томаш Юрчо, Дамир Шарипзянов пен Рид Буше нәтижелі соққылармен көзге түсті. Павел Хомченко мен Андрей Мишуров жалпы 27 соққыға тосқауыл болды.

Осы жеңіліске қарамастан, «Авангард» плей-офф кезеңіне жолдама алды. Команда маусымның 56 ойынында 79 ұпай олжалаған. Рид Буше (39+31) - биылғы тұрақты маусымның үздік снайпері және екінші сұрмергені. Әріптестеріне 45 нәтижелі пас берген Владимир Ткачёв чемпионаттың үздік екі ассистентінің қатарында. Илья Проскуряков сенімділік коэффициенті (1,8) мен кері қайтарылған соққылар пайызы бойынша (93,4) Лиганың үздік қақпашыларының қатарына кіреді.

«Барыс» дүйсенбі күні маусымда төртінші рет «Ақ Барстан» жеңіліс тапты. Астаналық команда қарсылас қақпасына 35 соққы жасағанымен, Давид Скленичканың соққысы ғана нәтижелі болды. Андрей Шутов 23 соққыны кері қайтарды.

Команданың үздік сұрмергені Понтус Оберг (16+17) соңғы үш ойында ұпац еншілей алмай келеді. Роман Старченко жарақат алғандар тізімінен шығарылып, кешке ойынға шығу үшін дайындық жүргізуде. Отбасылық себептеріне байланысты Энтони Камара кездесуге қатыспайды.

Кездесу «Барыс Арена» мұз айдынында Астана уақытымен 19:30-да басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассалары мен hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.

Ойынды KHL және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

 gd_social (18).jpg


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
16 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі АҚШ – Қазақстан

new-preview
15 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Германия – Қазақстан

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция