Барыс – Авангард матчы қарсаңында
10 Қазан 2024

Барыс – Авангард матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Home.jpg

«Барыс» қазан айында өз айдынында өткізетін матчтарының алғашқысында «Авангардпен» кездеседі.

Екі команда осыдан бірнеше күн бұрын Омбыда кездесіп, онда «Авангард» сенімді жеңіске қол жеткізген (4:0). Омбылық команда Семен Чистяков, Рид Буше мен Линден Вейдің көмегімен үш сан басымдығын жүзеге асырған еді. Тағы бір шайбаны Алексей Макеев өз есебіне жазды. Павел Хомченко 20 сейв жасады. Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында Сергей Звягин командасының қорғанысқа мән беруі керектігін, тек содан кейін ғана шабуылдау қажеттігін атап өтті.

«Авангард» 13 ойында 11 ұпай олжалады. Команданың ең нәтижелі ойыншысы Дамир Шарипзянов (1+12) Лиганың ең үздік ассистенттері мен сұрмерген-қорғаушылары тізімінде. Қақпашы Михаил Бердин команданың жарақат алған ойыншылары қатарынан әлі де шығарылған жоқ.

Егер «Авангард» «Барысты» жеңгеннен кейін демалса, астаналық ұжым Екатеринбургте ойын өткізді. «Автомобилиспен» ойында «Барыс» 2:0 және 3:1 есебімен алда тұрған, алайда ойын айдын иелерінің пайдасына шешілді. Максим Мухаметов пен Станислав Бочаров «Барыс» жейдесіндегі алғашқы шайбаларын соқты. Қазақстандық команданың үздік сұрмергені Майкл Маклауд тағы да көзге түсті (3+3). «Барыстың» тағы бір жаңа ойыншысы Никита Сетдиков командадағы алғашқы нәтижелі ұпайын еншіледі. Вячеслав Буцаев күрес жағынан және ойын бойынша шәкірттерінің жақсырақ өнер көрсеткенін, алайда команда болып толыққанды матча көрсетуіне кейбір хоккейшілердің деңгейі жетпегенін айтты.

«Барыс» қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 14 матчтан кейін 5 ұпай. Жарақат алған ойыншылар тізіміндегі Батырлан Мұратов пен Руслан Оспановты Роман Старченко мен Кирилл Савицкий алмастырды. Кеше Алекс Грант жалпы топта жаттығу өткізді, ол бүгін кешке өтетін матчта мұз айдынға шығуы мүмкін.

«Барыс» - «Авангард» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және Снимок экрана 2024-10-10 в 12.14.41.png сайтымыздан алуға болады.


«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

video-preview
Barys

Жеңіс бөлме | «Адмирал» - «Барыс»

new-preview
12 фото
Barys

Адмирал - Барыс

new-preview
Barys

Барыстың сырт айдынға аттанған құрамы