Барыс – Амур матчы алдында
18 Тамыз 2026

Барыс – Амур матчы алдында


Барыс Уфада өтіп жатқан Башқұртстан Республикасының кубогындағы ойынын «Амурға» қарсы кездесумен жалғастырады.

Хабаровскілік команда турнирдегі алғашқы ойынында сенімді ойын көрсетіп, «Ладаны» 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Шайбаларды Борис Борин, Артём Шварёв, Иван Климович (дубль) және Ярослав Лихачёв соқты. Қақпада Максим Дорожко ойнап, 24 сейв жасады.

«Барыс» БРК аясындағы алғашқы матчында турнир иесі «Салават Юлаевтан» 1:4 есебімен жеңілді. Астаналықтар қарсылас аймағында жеткілікті қауіпті сәттер жасағанымен, оларды тиімді пайдалану жағынан қиындықтарға тап болды. Команда сапындағы жалғыз шайбаны Әлихан Өмірбеков соқты. Ол жаңадан қосылған Чейз Прискидің көк сызықтан жасаған соққысынан кейін мергендік танытты.

Бұл ойында шабуылшы Асанәлі Сәркенов пен Темірлан Айболұлы ересектер деңгейіндегі дебюттерін өткізді. Ал «Барыс» сапындағы алғашқы кездесуін бұған дейін аталған Прискиден бөлек, Гарретт Пилон мен Логан Дэй де өткізді.

«Барыс» – «Амур» матчы Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады.

GD SITE.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы