Барыс – Ақ Барс матчы қарсаңында
20 Наурыз 2025

Барыс – Ақ Барс матчы қарсаңында

GAMEDAY NEW.jpg


«Барыс» маусымның соңғы өз айдынындағы матчтар сериясын «Ақ Барспен» кездесумен ашады.

Қазандық ұжым өткен турда өз айдынында овертаймда «Витязьге» жол берді (1:2). Команданың матчтағы жалғыз шайбасын Кирилл Семенов соқты, Тимур Билялов 20 соққыға тосқауыл болды. Анвар Гатиятуллин командасының өткен ойындарда көп эмоция жұмсағанын, «Витязьбен» ойында шәкірттеріне жігер жетіспегенін айтты.

66 матчта Татарстан астанасы командасы 83 ұпай еншілеген. Артем Галимов (35+24) – маусымның үздік снайперлері мен сұрмергендерінің бірі, сонымен қатар ол чемпионаттың ең «пайдалы» ойыншыларының қатарына кіреді (+30). Никита Лямкин (8+34) ең нәтижелі төрт қорғаушының тізімінде. Қорғаушы Никита Евсеев пен шабуылшы Егор Бабенко жарақат алған ойыншылар қатарында.

«Барыс» дүйсенбі күні биылғы маусымдағы сырт алаңдағы матчтар сериясын «Сібірден» жеңіліс тауып аяқтады (2:3). Дінмұхамед Қайыржан мен ҚХЛ-дағы алғашқы голын соққан Бейбарыс Оразов өз есептеріне бір шайбадан жазды. Роман Старченко мен команданың үздік сұрмергені Әділ Бекетаев (5+14) қатарынан үшінші ойында ұпай олжалады. Артем Шестаков 31 соққыны кері қайтарған. Ғалым Мамбетәлиев командасының «5-ке 3» форматындағы ойын кезінде кездесу барысын өзгертуге мүмкіндігі болғанын, алайда сан басымдығын жүзеге асыра алмағанын айтты.

Астаналық команда қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 66 кездесуден кейін 35 ұпай. Қақпашыла Никита Бояркин мен Андрей Шутов жарақат алған ойыншылар тізімінде. Оған қоса, сырқаттанып қалуына байланысты Дінмұхамед Қайыржан «Ақ Барспен» матчқа қатыспауы мүмкін.

«Барыс» - «Ақ Барс» матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Матч билеттерін 20% жеңілдікпен «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
39 фото
Barys

UTLC Ice Cup | 5-күн

new-preview
46 фото
Barys

UTLC мұз кубогы | 4-күн

new-preview
Barys
Tomiris

ҚӘЧ ІВ. Қазақстан құрамасы топтағы орнын сақтап қалды