Санкт-Петербургте өтіп жатқан Николай Пучков атындағы турнирдің қорытынды матчында «Барыс» «Адмиралмен» кездеседі.
Алдыңғы күні Олег Браташтың ойыншылары СКА-дан қақпасына гол жібермей жеңілді. Дегенмен жекелеген сәттерде Қиыр Шығыс командасы қарсыласынан әлдеқайда белсенді әрі агрессивті көрінді. Алайда мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жағынан қиындықтар туындады. Ал петерборлықтар Иван Кульбаковты үш рет қақпадан шайба алып шығуға мәжбүр етті.
Мүмкіндіктерді пайдалану мәселесі «Барыста» да байқалды. Астаналықтар СКА-ВМФ-ға қарсы матчта екінші буллиттер сериясында қатарынан жеңіліп, кездесуді 1:2 есебімен аяқтады. Айта кетейік, «Барыс» бұл ойынға негізгі құрамның алты ойыншысынсыз шықты. Қазақстандықтардың қақпасында Владислав Нурек тұрды. Қақпашы үшін бұл «Горняктан» ауысқаннан кейін «Барыс» сапындағы алғашқы ойыны болды.
Сондай-ақ тамыз айында алғаш рет Әлихан Әсетов мұз айдынына шықты. Ол жарақатынан кейін бабына келу үстінде. Команданың жалғыз шайбасын Кирилл Ляпунов соқты. Ол «Барыстың» сан басымдығын сәтті пайдаланды. Андрей Шутов ойын барысында 30 сейв жасады.
«Барыс» – «Адмирал» матчы Қазақстан уақытымен 16:00-де басталады.
Турнирдің барлық ойындарын Кинопоиск платформасынан тікелей эфирде көруге болады.
«Барыс» хоккей клубының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» хоккей клубының серіктесі – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры

Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.