Нургалиев тағы екі маусым «Барыста» өнер көрсетеді
01 Шілде 2023

Нургалиев тағы екі маусым «Барыста» өнер көрсетеді

«Барыс» хоккей клубы Эмиль Нургалиевпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Екіжақты келісімшарт 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін есептелген.

ҚХЛ дебюттік маусымында қорғаныс ойыншысы 10 матч өткізді. Сондай-ақ, Нургалиев «Номадқа» Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алуға көмектесті. Тұрақты маусымның 25 матчында Эмиль 21 (7+14) ұпай олжаласа, плей-офф 7 (3+4) ұпайды өз есебіне жазды.

Вячеслав Белан,  «Барыс» бас менеджері:

- Нургалиев Қазақстан чемпионатында өзін жақсы қырынан көрсетті. Өткен маусымда ол «Номадтың» көшбасшы ойыншыларының бірі болып, ҚХЛ-да өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Десе де, ол өзін әлі де дәлелдеп, «Барыс» құрамынан өз орнын ойып тұрып алуы керек. Оған оның мүмкіндігі толық жетеді.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Qyzdar Ligasy үшінші туры 18 ақпанда басталады

new-preview
Barys

Барыс University Medical Center-ге барды

new-preview
Barys

Барыс камбэк жасағанымен, овертаймда Адмиралға есе жіберді