Номад Арланнан реванш алды
11 Қазан 2026

Номад Арланнан реванш алды

Константин Пушкарёв ойыншылары бүгін көкшетаулық «Арланға» қарсы екінші матч өткізді. «Номад» 4:2 есебімен жеңіске жетіп, алдыңғы кездесудегі жеңілістің есесін қайтарды.

Кездесудің алғашқы кезеңінде Захар Захаров алаң иелерін алға шығарды. Алайда кезең ортасына қарай «Номад» таразы басын теңестірді. Даниил Медведев Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионатындағы алғашқы шайбасын соқты. Артынша Асанәлі Саркенов астаналықтарды алға шығарды.

Қорытынды кезеңде Захар Захаров дубль авторы атанды. Дегенмен бұл «Арланға» есепті теңестіруге көмектеспеді. Никита Мерзликин «Номадтың» басымдығын арттырса, Кирилл Никитин матчтың соңғы нүктесін қойып, астаналықтардың жеңісін бекітті.

«Арлан» - «Номад» 2:4 (1:2, 1:1, 0:1)

1:0 - 03:53 - Захаров (Санников, Коротин)

1:1 - 08:39 - Медведев (Бойко, Гросс)

1:2 - 12:13 - Саркенов (Китаров, Русланулы)

1:3 - 36:46 - Мерзликин

2:3 - 37:17 - Захаров (Санников)

2:4 - 44:22 - Никитин АГ

Қақпашылар: Истомин - Дударкиев

IMG_6981.jpeg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy
Барыс

ПСК U18 кубогы. Қазақстан U18 жасөспірімдер құрамасы Ресей U16 командасына овертаймда есе жіберді

new-preview
Snezhnye Barsy
Барыс

ПСК кубогы U18. Қазақстан құрамасы 3х3 турнирінің финалисі атанды

new-preview
Barys
Барыс

Жас Қыран академиясының тәрбиеленушілері Барыстың жастар командасын қолдады