Номад Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті
15 Ақпан 2025

Номад Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне өтті


Кешегі ойын күнінің қорытындысы бойынша Pro Legacy плей-оффының барлық қатысушылары анықталды.

Кубок раундына сегізінші жолдаманың иегері болып «Номад» атанды, ол 37 ұпай жинап, қосымша көрсеткіштер бойынша «Бейбарысты» айналып өтіп, нәтижесінде атыраулықтар тоғызыншы орынға ие болды. Тұрақты чемпионат қорытындысы бойынша «көшпенділердің» үздік бомбардирі болып Диас Гусейнов атанды, оның есебінде 9 гол және 18 пас жазылған.

Елордалық команданың ¼ финал бойынша қарсыласы ретінде тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Арлан» болады. Бастапқы матчтар Көкшетауда өтеді. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңдерінің барлығы төрт жеңіске жетеді. Қажет болған жағдайда серияның бесінші және жетінші жекпе-жегі «Бурабай» спорт сарайында өтеді, алтыншысын «Барыс-Арена» қабылдайды.

Басқа ширек финалдық жұптардың қатары «Торпедо» - «Ақтөбе», «Хумо» - «Горняк» және «Сарыарқа» - «Алматы» болды.

_orKTVzUbcI.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн