Номад Атырауда Бейбарысты жеңді
20 Қазан 2026

Номад Атырауда Бейбарысты жеңді

Константин Пушкаревтің командасы Атырауда «Бейбарысқа» қарсы екі сырт алаңдағы кездесудің бірін өткізді. «Номад» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші кезеңде «көшпенділер» Артур Гросстың дәл соққысының арқасында басымдықты ашты. Екінші жиырма минуттықта Александр Мигунов қонақтардың басымдығын арттырды. Алайда алаң иелері 74 секунд ішінде екі шайба соғып, ойынға қайта оралды. Алдымен Анатолий Шишов сан басымдығын жүзеге асырып, Артем Шестаковтың қақпасын дәл көздеді. Одан кейін Муса Гусейнов мергендік танытты.

Осыдан кейін «Номад» қақпашыны ауыстырды: Артем Шестаковтың орнына мұз айдынына Джохар Дударкиев шықты. Қорытынды кезеңде Никита Мерзликин астаналықтардың үшінші шайбасын соғып, «көшпенділерге» жеңіс сыйлады.

Командалар арасындағы қарымта кездесу ертең сағат 17:00-де өтеді.

«Бейбарыс» - «Номад» 2:3 (0:1, 2:1, 0:1)

0:1 - 04:52 Гросс (Китаров, Никитин) АГ

0:2 - 23:57 Мигунов (Русланұлы)

1:2 - 26:46 Шишов (Ванин, Гусев) АГ

2:2 - 28:00 Гусейнов (Ананичев, Пак)

2:3 - 40:56 Мерзликин (Русланұлы, Мигунов)

Қақпашылар: Шефер - Шестаков (28:00-60:00)

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy
Барыс

ПСК U18 кубогы. Қазақстан U18 жасөспірімдер құрамасы Ресей U16 командасына овертаймда есе жіберді

new-preview
Snezhnye Barsy
Барыс

ПСК кубогы U18. Қазақстан құрамасы 3х3 турнирінің финалисі атанды

new-preview
Barys
Барыс

Жас Қыран академиясының тәрбиеленушілері Барыстың жастар командасын қолдады