«Барыс» матчтарына билеттер сату басталды
23 Тамыз 2019

«Барыс» матчтарына билеттер сату басталды

Достар, біз 2019-2020 маусымға «Барыс» ойындарына билеттер сату басталғанын қуана хабарлаймыз.

«Барыс-Арена» кассалары демалыссыз сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 61-35-19

Сондай-ақ, билеттерді біздің сайттан төмендегі сілтеме бойынша он-лайн режимде сатып алуға болады: http://tickets.hcbarys.kz/ / ticketon.kz / www.kassir.kz/ / zakazbiletov.kz/ 

17-қыркүйекте «Спартак» және 20 қыркүйекте «Трактор» командаларына қарсы Алматыда өтетін матч билеттері болжам бойынша 28 тамызда сатылымға түседі, бұл туралы біз қосымша хабарлайтын боламыз.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХЛ он екінші маусымының алғашқы матчтарын «Барыс» Қазақстан астанасында 3 қыркүйекте «Адмиралға» және 5 қыркүйекте «Амурға» қарсы өткізеді, одан кейін 30 қыркүйекте өз алаңында «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды.

Билеттердің бағасы:

Сондай-ақ, маусымдық абонементтерді сату жалғасуда.

Абонемент дегеніміз не?

Абонемент - бұл әр ойынға жеке билеттерді сатып алу туралы ойламауға, сонымен қатар олардың жалпы құнына елеулі жеңілдік алу мүмкіндігін беретін, барлық матчтарға арналған бірыңғай билет.

Абонемент иелерінің артықшылықтары: 
— 33%-ға жуық үнемдеу
 — Тұрақты чемпионаттың кез-келген матчында аренадағы орынға сенімді түрде ие болу
—Абонемент иелері бірінші болып, жалпы сатылым басталардан бір күн бұрын плей-офф кезінде аренада өз орындарын сатып алу құқығына ие болады. 
— «Номад» пен «Снежные Барсы» матчтарына тегін бару
—2019/2020 маусымға абонементтердің барлық иелері «Спартак» пен «Трактор» арасында Алматыда өтетін сырт алаңдағы матчтарға тегін өте алады.

— Егер сіз абонементті 2 қыркүйекке дейін сатып алсаңыз, онда сіз Даррен Диц пен Дастин Бойдтың джерси ойын ұтысына қатыса аласыз. Жолы болған екі қатысушыны біз 3 қыркүйекте «Барыс» пен «Адмирал» арасындағы матчта таңдайтын боламыз.

Абонементтер тек мұз аренасы кассаларында сатылады.

 

«Чемпионат» абонементін сатып алу үшін:

- Кассада сауалнаманы толтыру қажет

— Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болу керек.

- Егер сіз абонементті тек өзіңіз үшін ғана емес, туыстарыңыз, достарыңыз немесе әріптестеріңіз үшін сатып алғыңыз келсе, олар сауалнаманы өз қолымен толтырып, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін ұсынуы қажет.

Абоненттердің бағасы:

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана

new-preview
Барыс

Айтмағамбетовтің покері Барысқа елордалық дербиде жеңіс әкелді

new-preview
9 фото
Барыс

Барыс - Астана