Мэйсон Морелли Барыста екі жыл ойнайды
07 Шілде 2026

Мэйсон Морелли Барыста екі жыл ойнайды

«Барыс» америкалық шабуылшы Мэйсон Мореллимен келісімшартты ұзартты. Біржақты келісім 2028 жылдың 31 мамырына дейін, яғни екі маусымға есептелген.

Өзі үшін жаңа лигадағы алғашқы маусымында-ақ Морелли «Барыстың» үздік үш сұрмергенінің қатарына енді. Ол 63 матчта 12 шайба соғып, 24 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар шабуылшы бетпе-бет шайба тастаудағы тартыстардың 51,4%-ында жеңіске жетіп, 54 күштік әдіс қолданған. Оның мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 19 минутты құрады.

«Барыстың» бас менеджері Леонид Метальников:

- Біз Мэйсон Мореллимен келісімшартты ұзарту туралы шешім қабылдадық. Ол сенімді әрі еңбекқор шабуылшы, өткен маусымда өзін жақсы қырынан көрсетті. Командаға қажетті нәтижелілікті қамтамасыз етіп, үздік үш сұрмергеннің қатарына енді. Алдағы маусымда да одан тұрақты әрі сапалы ойын күтеміз.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

mo.jpg
Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы бірқатар хоккейшілермен келісімшарт жасасты

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Ильгиз Нуриев – Снежные Барсы командасының бас бапкері

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Маусым қорытындылары. Александр Перкин