Металлург-Барыс. Жаттықтырушылардың пікірлері
18 Қараша 2023

Металлург-Барыс. Жаттықтырушылардың пікірлері

photo_019.jpg


"Металлург" - "Барыс" матчынан кейін (2:0) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Ғалым Мамбеталиев, "Барыс" бас бапкерінің міндетін атқарушы

- Біздің ойында бірінші секундтан соңғы секундқа дейін ойынға толық берілмеуі, ойынға деген ынталарының болмауы өз нәтижесін көрсетті. Ойынға толығымен берілу керек.

- Біз Челябинскіде не болғанын көрдік, Энтони Камардың сәтсіз дебюті, ол ойыннан шеттетілді ме, әлде оны өзіңіз отырғыздыңыз ба?

- Жоқ, оған демалуға, ойлануға мүмкіндік бердік. Қазір жаттығады да әрі қарай ойнауды жалғастырады.

- Сіздің ойыңызша, Даниил Апалков ойынға толығымен бейімделді ме, қаншалықты бейімделген?

- Әзірге жоқ, бірақ пайда әкеліп жатыр, әрине, оған қозғалыс жетіспейді, менің ойымша, ол пайда әкеледі.

- Қазіргі уақытта ойыншыларды өз пікіріңізде айтқанға бейімдеу, дайындау қаншалықты қиын. Қалай толығымен берілу керек, барлығы бірдей үнемі ойынға толықтай беріле бермейтіндей әсер қалдырады. Осымен сіз жұмыс жасап жатырсыз ба және қаншалықты көп жұмыс жасап жатырсыз? Матчтар арасында, жеке- жеке.

– Біз сөйлесеміз, иә, баптаймыз, жаттығу арқылы кімнің жағдайының жақсы екенін көреміз, сол ойыншыны, кімде осындай, сенімді ойыншылар бар, соларды ойынға шығаруға тырысамыз.


Андрей Разин,"Металлургтің" бас жаттықтырушысы

– Біз ұзақ уақыт ұшып-қонып жүрдік, күн ара ойнадық. Жігіттер аздап "қатып қалды", эмоцияларға берілу қиынға түсті. Қорғаныста қатты, сенімді және тәртіпті ойнағанымыз жақсы болды. Көбірек гол салғымыз келді, дегенмен көрермендер бізді кешіреді деп ойлаймын – біз бүгін тырыстық. Өзімізді жеңіспен құттықтаймын.

- Лазареттен шыққандардың барлығы жүз пайыз дайын ба немесе әлдекімді ертерек шығаруға тура келді ме?

- Жоқ, қазір біздің орнымыз жігіттердің жарақаттарын толық сауықтырып, жүз пайызға дайын болып шығуына мүмкіндік береді.

- Гребенкиннің Коробкин мен Джонсонға қарай ауысуы - бұл бұрыннан келе жатқан ұйғарым ба? Неліктен екенін білмеймін, бірақ осы бөлімнен бір нәрсе күтеміз…

- Бірден емес, біріншіден, Новосибирскідегі ойынның екінші кезеңінде біздің ойын үйлеспеді, сондықтан Кошелевтың орнына мен Акользинді сынап көрдім, бірінші бестікті бұзғым келмеді. Содан кейін Магнитогорскіге оралдық. Никита Гребенкин соңғы матчтарда өзін жайсыз сезініп жүрді, оған аздап қолдау білдіргім келді, оған қоса Семен Кошелевтың функционалдық күйі де айтарлықтай жақсы емес, сондықтан осындай шешімге келдік.


"Барыс" ХК бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

"Барыс" ХК серіктесі - "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" КҚ



Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис – Қазақстанның екі дүркін чемпионы

new-preview
Barys
Tomiris

«Томирис» Qyzdar Ligasy алтын жүлдесі үшін күреседі