26 қараша күні «Барыс» хоккей клубы өзінің 23-жылдығын атап өтеді. Осыған орай, команда 25 қараша күні «Спартакпен» матчта киіп шығатын арнайы мерекелік форма жасап шығарылды.
Баламалы форманың басты элементтері ретінде Қазақстанның 23 қаласының көркем жерлері алынды. Формадан «Байқоңыр» ғарыш айлағының, «Шахтёрская Слава» монументінің, Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің, Семей қаласындағы аспалы көпір мен еліміздің көптеген белгілі жерлері мен ғимараттары бар. «Барыс» Қазақстан хоккейінің бет-бейнесіне айналып үлгерді және біз еліміздің әр қаласындағы жанкүйер өзін команланың бір бөлшегі ретінде сезінгенін қаладық!
Алдағы уақытта барлық жейделер қайырымдылық акцияларында қолданылады.
25 қараша күні «Барыс» - «Спартак» матчында барлық жанкүйерлер үшін мерекелік шоу-бағдарлама ұйымдастырылған, ал оның негізі – автокөлік сыйлау.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.