Максим Мусоров Барыс жүйесіне қайта оралды
08 Қыркүйек 2023

Максим Мусоров Барыс жүйесіне қайта оралды

«Барыс» хоккей клубы Максим Мусоровпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Қазақстандық шабуылшы жақын арада «Номад» құрамына қосылады.

«Барыс» БЖСМ түлегі ұзақ уақыт бойы клуб жүйесіндегі командаларда өнер көрсетті. Мусоров ҚХЛ-да 47 матч өткізіп, 2 шайба және 4 нәтижелі паспен көзге түсті.

Өткен маусымда Максим Бүкілресейлік хоккей лигасында өнер көрсететін Воскресенсктің «Химик» командасы сапында ойнап, Петров Кубогының иегері атанды. 44 кездесуде хоккейші 10 (6+4) ұпайды өз есебіне жазды.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері

- Мусоров маусымды «Номад» құрамында бастайды. Құрлықтық хоккей лигасында оның құқығы әзірге басқа командаға тиесілі. Бұл мәселе шешімін тапқаннан кейін, Максиммен екіжақты келісімшарт жасасамыз.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Nomad

Номад қатарынан 13-ші жеңісіне қол жеткізді

new-preview
12 фото
Nomad

Торпедо - Номад

new-preview
Nomad

Екінші матч алдында «Торпедо» - «Номад».