«Барыс» америкалық қорғаушы Райли Уолшпен келісімшартты ұзартқанын хабарлады. Біржақты келісім 2027 жыл 31 мамырға дейін, бір маусымға есептелген.
Өзі үшін жаңа лигадағы алғашқы маусымында Уолш «Барыстың» ең нәтижелі екі ойыншысының қатарына енді. Ол 16 гол және 30 нәтижелі паспен тұрақты чемпионаттағы қорғаушы-сұрмергендер арасында үздік бестікке кірді. Сонымен қатар, командада орташа ойын уақыты бойынша (22 минут 25 секунд) және қарсылас қақпасына жасаған соққылар саны бойынша (207) көш бастады.
Леонид Метальников, «Барыстың» бас менеджері
- Райли - шабуылдау қабілеті өте жоғары ойыншы, мұны ол өз статистикасымен анық дәлелдеді. Біз оның шабуылдағы үлесін жоғары бағалаймыз, бірақ үлкен командалық мақсаттарға жету үшін оның әлі де дамып, команданы одан әрі күшейте алатын тұстары бар екенін жақсы түсінеміз.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.