Линус Виделль «Барыспен» келісімшартты ұзартты.
23 Мамыр 2020

Линус Виделль «Барыспен» келісімшартты ұзартты.

«Барыс» хоккей клубы шведтік шабуылшы Линус Виделлмен келісімшарттың ұзартылғаны туралы ресми түрде хабарлайды. Ойыншы 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін бір жақты келісімге қол қойды.

 

Өткен маусымда Видаль «Барыс» үшін тұрақты чемпионатта 37 матч өткізіп, 30 (10+20) ұпай жинап, Гагарин Кубогында Линус «Металлургке» қарсы бес матчта 4 (1+3) ұпай жинады.

Құрлықтық Хоккей Лигасында швед шабуылшысы 2012 жылдан бастап ойнайды. Бұған дейін Виделль «Югру», «Северсталь», «Торпедо», «Трактор», «Куньлунь» және ригалық «Динамо» командаларында ойнаған болатын.

ҚХЛ-да 35 жастағы шабуылшы 433 матч өткізіп, 274 (97+177) ұпай жинады.

 

«Барыс» ХК Бас әріптесі –«Самрұк Қазына» ӘАҚ
 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

new-preview
95 фото
Barys

Барыс - Амур

new-preview
Barys

Барыс – Амур матчы алдында