Коннор Джеффри Смит Барыс ойыншысы атанды
28 Маусым 2024

Коннор Джеффри Смит Барыс ойыншысы атанды


C.J.-Smith-Wolves-2-1536x1024.jpg

«Барыс» хоккей клубы Коннор Джеффри (Си Джей) Смитпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдейді. Америкалық шабуылшымен жасалған біржақты келісімшарт бір маусымға 2025 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Форвард мансабының басым бөлігін Солтүстік Америкада өткізген. Ол Ұлттық хоккей лигасында 15, Америка хоккей лигасында 265 ойынға (89+117 ұпай) қатысқан. 2022 жылы Смит «Чикаго Вулвз» құрамында Колдер Кубогы жеңімпазы атанып, маусым қорытындысында команданың үшінші сұрмергені атанды. Өткен маусымда Коннор Джеффри Финляндияда «Юп» командасы сапында өнер көрсетті. Ол 33 матчта 20 (8+12) ұпай олжалаған.

Коннор Джеффри Смит

Туған күні: 01.12.1994 (29 жаста).

Амплуа: шабуылшы.

Бойы: 180 см.

Салмағы: 83 келі.

Ойын таяғын ұстауы: солақай.

Олег Болякин, «Барыс» бас менеджері:

- Смит – шабуылдың нүктесін өзі қоя алатын, оған қоса әріптесіне гол соғуға жағдай жасап бере алатын білікті форвард. Ол өзі чемпион атаған АХЛ-да нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен. Си Джей «Барыстың» топ-6 қатарына еніп, алдағы маусымда команданың көшбасшы ойыншыларының біріне айналатынына күмән жоқ.

Сурет - Jenae Anderson / The Hockey Writers


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

video-preview
Barys

«Барыс» | Фитнес жаттықтырушысы Евгений Шаников

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан құрамасы қысқы Азиаданың ширек финалында Гонконгпен ойнайды

new-preview
Barys

Ансар Шайхмедденов. ХАРБИН-2025 І Студиялық бағдарлама