Матчтар аяқталғаннан кейін Е және F топтарында Құрлықтық Кубоктың финалдық раундының барлық қатысушылары анықталды.
Естеріңізге сала кетейік, елордалық «Номад» Франциядағы турнирде барлық матчта жеңіске жетіп, Е тобында бірінші орынды иеленді (9 ұпай). Осы топтан финалға екінші жолдаманы британдық «Кардифф Девилз» (6 ұпай) алды, ол шешуші жекпе-жекте айдын иелерін «Гренобльді» ең аз есеппен жеңді.
F тобының кездесулері Италияның Кортина’д-Ампеццо қаласында өтті. Бұл квартеттің жеңімпазы 7 ұпай жинаған Польша командасы «Катовице» болды. Финалдық турнирдің тағы бір қатысушысы «Хернинг Блю Фокс» Дат ұжымы болады.
Құрлықтық Кубоктың шешуші кезеңі 2024 жылдың 12-14 қаңтарына жоспарланған. Турнирдің өтетін орны кейінірек белгілі болады.
Дереккөз: ҚХФ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.