Кирилл Савицкий: «Жұмысты одан әрі жалғастырып, өз сәттеріңді пайдаланып қалуға тырысу қажет»
27 Мамыр 2022

Кирилл Савицкий: «Жұмысты одан әрі жалғастырып, өз сәттеріңді пайдаланып қалуға тырысу қажет»

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкий әлем чемпионатын қорытындылады, сондай-ақ алған жарақаттан кейінгі қалпына келуі туралы айтып берді.

- Кирилл, денсаулығын қалай? Германиямен болған ойында көрсетілім кезінде бұл сәт өте қорқынышты көрінді.

- Екі күн бойы басым ауырды, бірақ бастысы ми шайқалуы болған жоқ. Қалдық әсер болды. Біздің дәрігерлер үлкен жұмыс атқарды, жедел ден қойып, жарақатты тікті. Менің ойымша, бәрі қалпына келуі үшін екі апта қажет болады. Мен екі апта демалып, жаңа маусымға дайындалатын боламын.

- Қазақстан құрамасы басты міндетті орындағанымен, бірақ команда көбірек нәрсеге дайын болғандай көрінді. Әсіресе, төрт ойынды тек бір шайба айырмасымен ұтылғанымызды ескерсек.

- Иә, бұл ойындарда біз көп күш қалдырдық. Біз бұл кездесулерді осындай нәтижеге өзіміз жеткіздік. Қажетсіз ойыннан қуулар, мәжбүрсіз қателер болды, бірақ жігіттер беріліп ойнады. Әр кездесуден кейін біз жігіттермен сөйлесіп тұрдық, матчтан матчқа ойынымызды жақсарттық.

- Чемпионатты сен Сағадеев пен Старченкомен бірге бастадың, сосын Волк пен Михайлистің үштігіне ауыстың. Жаңа үштік құрамында ойнау қиын болды ма, өйткені үйреніп кетуге көп уақыт болмады ғой?

- Сәтсіз матчтардан кейін жаттықтырушылар штабы құрамдағы ойыншылар үйлесімдерін өзгертіп тұрды. Әрине, шұғыл түрде жаңа үйлесімде ойнап үйренуге тура келді. Алдымен Кертис үштігінде Женя Рымарев ойнады, бірақ ол чемпионат басталар алдында жарақат алды. Мүмкін, біз азшылықта көп ойнап, көп күш қалдырғанымыз басты минус болған шығар. Шабуылда қақпаның алдында көп ойнауға тырыстық.

- Қазіргі әлем чемпионатының деңгейі өткен жылмен салыстырғанда жоғары болды деп айтылуда. Осы екі турнирді салыстыра аласың ба?

- Иә, келісемін, биылғы деңгей жоғары болады. Бұл әсіресе қорғаушылар бойынша сезілді. Олар өз аймағында өте жақсы әрекет етті, бізге шайбаны ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік бермеді, кез-келген жағдайда бірден шайбаны алып қоюға тырысып, көптеген шайбаларды өз денесімен бұғаттады. Кез-келген аймақтағы кез-келген қателік үшін біз бірден қауіпті сәтпен немесе соғылған шайбамен жазаландық.

- Осы маусымда сен ҚХЛ-дағы және элитадағы әлем чемпионатындағы алғашқы шайбаңды тастадың. Өзінді қалай сезінудесің?

- Гол соғу әрқашан тамаша сезімге бөлейді ғой. Мүмкін, мен Даниямен матчта гол соққан кезімде, иығымнан ауыр жүк түскендей сезіндім өзімді. Басқа матчтарда да көбірек гол соғуым мүмкін еді. Жұмысты одан әрі жалғастырып, өз сәттеріңді пайдаланып қалуға тырысу қажет.

- Егер сен Даниямен матчты еске түсірсең, осы ойында не болғанын анықтауға тырысатын болсақ?

- Қазір оны сипаттау қиын. Алғашқы минуттарда қарсылас бізден он есе жылдам әрі күшті болып көрінді. Өз өзімізге келгенше, есептегі айырма ұлғайып кетті. Мүмкін, бұл нәтиже Франциямен келесі матчта да әсер еткен шығар. Менің ойымша, егер біз Франциямен біраз уақыттан кейін ойнаған болсақ, онда нәтиже басқаша болуы мүмкін еді. Бірақ қазір бұл туралы айтудан не пайда. Есепті көрдіңіздер. Алғашқы екі ойында біз тек ойнай бастадық.

- Қай матч бәрінен көп есте қалды?

- Германиямен болған матчты мен ешқашан ұмытпаймын (күлімсірейді). Канадамен жақсы матч болды, әбден шайқастық. Мұндай мықты қарсыласпен ойнау әрқашан да бір ғанибет. Швейцариялықтармен де қызықты болды, ұтқыр команда, жақсы пас алмасып ойнайды.

- Қарсыластардың ойын құрамындағы көпшілігін бейтараптандыру пайызы бойынша біздің команда топтық кезең аясында ең нашар болды. Сен өзін де ойын құрамындағы азшылықта жиі ойнадың, бұл компонентке не болды?

- Барлық командалар қақпаның алдында өте жақсы ойнады, қақпашыны жауып тастады, жақсы лақтырулар болды. Біз үшін жағымсыз кері серпілістер де болды. Төрт-бес шайба бізге рикошеттерден кейін соғылды, шайба бағытын өзгертеді, қақпашы ондай кезде ештеңе істей алмайды. Осы сәттерде бізге сәттілік жетіспеді. Сол Даниямен да біз азшылықта көп шайба жіберіп алдық және келесі ойындарда да сол көрініс айна қатесіз қайталанды. Біз бұл сәттерді үнемі бейнелерде талдадық. Бірақ, мысалы, Канадамен матчта қарсыластардың біреуі лақтырды, екіншісі ұшқан шайбаны түзетті, ал үшінші ойыншыдан рикошетпен шайба қақпаға соғылды. Мұндай жағдайда бірдене жасау ауыр.

- Хоккейден басқасына келетін болсақ. Бос уақытты қалай өткіздіңдер? Егер ол болса, әрине.

- Негізінен, қала бойынша серуендедік. Қонақ үйдің жанында электрсамокаттар тұрды, солармен жүрдік. Сарай қонақ үйдің жанында болды. Сондай-ақ, қонақ үйдің жанында кішкентай көлшік болды, біз түскі уақытта ойнаған кезде таңертеңгілік командалық серуендерді сол көлшіктің жағасында өткіздік. Менің есімде қалғаны, қалада өте көп спортшылар бар, әр басқан қадам сайын жүгіріп бара жатқан, немесе жаттығып жатқан адамдарды көрдік. Кептелістер жоқ, тіпті қала орталығында да барлығы дерлік велосипедпен жүреді.

- Ал турнирде жағымсыз жағынан есте қалған сәт болды ма?

- Мүмкін, біз Канадамен ойнаған күні, аренада орын алған оқиға болар. Біз ойынға баруымыз керек еді, ал біздің алдымызда ойналатын матч әлі басталған да жоқ. Ояндық, жиналыс өткіздік, содан кейін қайтадан белгісіздік орын алды. Ойынды тек 21:30-да бастадық, бұл түнгі лига ғой нағыз (күледі). Жалпы, бәрі жақсы өтті. Арена ескі, бірақ жаман емес.

- Соңында дәстүр бойынша жанкүйерлерге бір-екі сөз айтсаң.

- Біздің жанкүйерлерге көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін, олар әр матчқа келіп тұрды. Біз олардың әр ойында естідік, бізбен бірге болғаныңыз үшін рақмет, барлық сәттерді қуанышты да, онша еместерді де бірге өткердік. Үйде экран алдында отырғандарға да рақмет. Біз бәріміз бірге осы жолды жүріп өттік.

Фото – ИИХФ баспасөз қызметі

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2