«Барыс» ХК 19-жастағы шабуылшысы Кирилл Панюков сырт айдындағы кезекті сериялық кездесудің басын жеңіспен бастап, «Тракторды» (4:3) ұтқандығын айтып берді.
— Біз белсенділігімізді арттырып, шайбаны бақылауда ұстадық. Ашылып ойнап, қақпаға соққылар бағыттай алдық. Осындай ойын өрнегінің арқасында нәтиже қол жеткіздік.
— «Барыс» шыққан бетте екі гол соқты «бір де нөл» - бұл қарсыластың қателегін тап басу үшін қойылған тапсырма ма, әлде сәттілік солай болды ма?
— Жігіттердің шеберлігі. Біз дұрыс позицияны таңдадық. Бағытталған соққыларға тосқауыл қойдық. Берілген мүмкіндіктерді жүзеге асырдық.
— Ойын соңында «Трактор» есеп айырмасын қысқартқанда абыржу болды ма?
— Бапкер кейбір адамдарды отырғызды. Қолдан келгенше ұстап тұрды. Нәтижесінде жігерлі ойын жеңіске жеткізді. Ал мен соңында ойнаған жоқпын.
— Бұл сенің ҚХЛ 13-ші кездесуің. Командаға бойың үйреніп қалды ма?
— Барлық жігіттер жақсы қабылдады. Айтуларынша жақсы орнықтым.
— «Барыс» легионердері орыс тілін үйренген жоқ па?
— Жоқ. Тек орысша бір-екі сөз айтады. Оларға үйрену қажет емес те сияқты. Олармен тілдесе аласың ба десеңіз? Сәл-пәл ағылшынша сөйлесіп қоямын.
— Андрей Назаровпен жазды күнгі «Барыс» жастарының жиынында жұмыс істедің бе. Ол туралы не айта аласың?
— Менің командаға келіп өзімді көрсетуге мүмкіндік берген жақсы бапкер. Ол кісі кеткеннен кейін негізгіге алындым. Оған дейін мен дайын болмаған да шығармын. Өйткені Назаров маған сенім артқан жоқ.
— ҚХЛ аластатылған Дамир Рыспаевтың жағдайы қалай?
— Оның жағдайы жақсы. «Номад» сапында жаттығып, Қазақстан чемпионатында ойнап жүр. ҚХЛ қайтып оралуға қадам жасап жатыр ма? Оның маған еш қатысы жоқ. Мен ол жағын білмеймін.
Дереккөз: allhockey.ru
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.