Матч алдында
23 Қаңтар 2021

Матч алдында

"Барыс" көшпелі сериясын"Витязьбен" кездесумен аяқтайды.

Подольск ұжымы өткен турда жергілікті ойында СКА-дан – 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Жалғыз шайбаның авторы Захар Бардаков болды.

48 матчтан кейін Михаил Кравецтің командасы 49 ұпай жинады. Қазіргі уақытта "Витязь" батыста тоғызыншы орында тұр, кубоктық сегіздіктің бір ұпаймен артта қалды. Жарақат алғандар тізімінде шабуылшы Иван Ларичев бар.

"Барыс" қатарынан үш жеңістен тұратын сенбілік жекпе-жекке шығады. Бейсенбі күні қазақстандық ұжым сырт алаңда мәскеулік "Динамо"командасын ұтты. Командаға Джесси Блэкердің (маусымдағы бірінші шайба) және Павел Акользиннің дәл лақтырулары, сондай-ақ Хенрик Карлссонның орындауындағы 40 сейв жеңіс әкелді.

Юрий Михайлистің шәкірттері Шығыс конференциясында сегізінші сатыдан жоғары көтеріле алмады. Команда активінде 46 кездесуден кейін 55 ұпай бар. Виктор Сведберг пен Леонид Метальников жарақат алғандар тізімінде. Сондай-ақ, Павел Акользин алдағы ойынға қатыспайды себебі өткен матчта аздаған жарақат алған.

Желтоқсан айының басында Нұр-сұлтан қаласында өткен "Барыс" пен "Витязь" арасындағы өткен бетпе-бет кездесуде алаң иелері буллиттер бойынша жеңіске жетті (3:2).

Матч Астана уақытымен 20:00-де "Витязь" МС аренасында басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және ҚХЛ ТВ.

Fonbet - ресми букмекерлік компаниясы "Барыс" ХК алдағы матчына мынадай коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,35 | Х – 3,80 | П2 - 2,75.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына" ҰӘҚ – АҚ"

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2