ҚХЛ. СКА – Барыс 3:1
06 Қыркүйек 2022

ҚХЛ. СКА – Барыс 3:1


Жаңа маусымның екінші матчында «Барыс» СКА командасына 1:3 есебімен жол берді.

«Барыстың» жаттықтырушылар штабы минскілік «Динамодан» жеңілгеннен кейін команда құрамын айтарлықтай өзгертпеді. Егор Шалаповтың орнына тізімде Владислав Семин пайда болды. Құрамдағы екінші өзгеріс мәжбүрлі болды. Диас Гусейнов матчты отбасылық себептермен өткізіп алды. Шабуыл шебінде оны Михаил Рахманов алмастырды. Ойын басынан қақпаға тағы да Андрей Шутов тұрды.

Бастапқы кезең алаң иелерінің басымдығымен өтті, алайда үзіліске командалар есеп ашпастан кетті. Екінші кезеңде СКА өз сәттерін голдарға ұластыра бастады. Дмитрий Яшкин жеке дара өткеннен кейін, шайбаны жақын бұрышқа бағыттап, ойында есеп ашты. Александр Волков болса құрамдағы көпшілікті голға ұластырды. Алайда, кезеңнің соңғы минутында Линден Вей гол соғып, «Барысты» ойынға қайтарды.

Алайда, Скабелка шәкірттері есепті теңестіре алмады. Волков қонақтардың бос қақпасын ойын аяқталуға 100 секунд қалғанда дәл көздеп, қорытынды есепті орнатты. 1:3 - маусым басындағы қазақстандық ұжымның екінші жеңілісі.

7 қыркүйекте «Барыс» Балашихада «Витязьбен» ойнайды.

СКА – «Барыс» 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)

1:0 – 28:56 – Яшкин (Хуснутдинов, Никишин)

2:0 – 36:10 – Волков (Яшкин, Никишин) КГ

2:1 – 39:39 – Вей (Луис)

3:1 – 58:20 – Волков (Моисеев) БҚ

Қақпашылар: Самонов – Шутов

«Мұз Сарайы». 7642 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн