ҚХЛ. СКА – Барыс матчының алдында
17 Қазан 2021

ҚХЛ. СКА – Барыс матчының алдында


 

«Барыстың» үшінші аялдауы Санкт-Петербургте өтті. Бүгін Юрий Михайлистің шәкірттері СКА командасымен ойын өткізетін болады.

Өткен турда «Йокерит» пен СКА Хельсинкиде өзара жалынды матч өткізді. Батыс Конференциясының бірінші орны үшін болған шайқаста жеңісті овертаймда Финляндия астанасынан келген команда тойлады (5:4). Петербург ұжымының сапында Мэт Робинсон (маусымдағы алғашқы гол), Йоонас Кемппайнен, Игорь Ожиганов және Андрей Кузьменко соғылған шайбалармен көзге түсті. НХЛ-дан оралғаннан кейінгі алғашқы матчты Никита Гусев өткізді. СКА қақпашысы Ларс Юхансон қақпасына бағытталған 24 соққыны қайтарды. Нева жағалауынан келген команданың бапкері Валерий Брагин бұл жеңілісті қынжылтатын деп атады және клубқа жақында келген Гусевтің жағдайы жақсы екенін атап өтті.

18 матчтан кейін СКА есебінде 26 ұпай бар, бұл қазіргі уақытта Батыс Конференциясының екінші нәтижесі болып табылады. «Әскерилердің» үздік бомбардирі Антон Бурдасовтың есебінде 19 ұпай (9+10), ол Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының бестігіне кіреді.

«Барыс» жұма күні буллиттер сериясында «Куньлунь» командасынан басым түсті. Никита Михайлис ойыннан гол соғып та шешуші буллиттің де авторы атанды. Ол команданың ең нәтижелі ойыншысы (18 ұпай, 8+10) болып табылады. Йони Ортио қақпасын көздеген 34 соққыны қайтарды. Юрий Михайлис команда тағы да көптеген голдық сәттерді жасағанын, бірақ оларды пайдалана алмағанын атап өтті.

Нұр-Сұлтан қаласының ұжымы 18 ойында 16 ұпай жинады. Бүгінгі таңда «Барыс» Шығыс Конференциясының жетінші орнына табан тіреді. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Джо Морроу бар.

Ағымдағы маусымда «Барыс» пен СКА өзара бір матч өткізді. Қазақстан астанасында тоғыз күн бұрын 3:0 есебімен айдын иелері жеңіске жеткен еді.

 

Матч Санкт-Петербургтегі «Мұз сарайында» елорда уақытымен 20:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында, сондай-ақ біздің сайтта және Google Play Market пен App Store-да жүктеуге қолжетімді ресми мобильді қосымшада өтеді.

Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесідей коэффициенттерді ұсынады: П1 – 1,60 | Х – 4,70 | П2 - 4,60.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Маусым қорытындысы. Руслан Оспанов

new-preview
Barys

Әлихан Әсетов тағы бір жыл Барыс сапында өнер көрсетеді

new-preview
Barys

Даниил Апальков Барыс құрамында қалады