«Барыс» өзінің 23 жылдық мерейтойын «Спартакпен» болар матчта атап өтеді.
Мәскеулік команда хоккейшілері бас бапкер ауысқаннан кейін тұрақт ойын көрсете бастап, Батыс конференциясының плей-офф аймағында сенімді келеді. Соңғы бес кездесуде «Спартак» төрт реет жеңіс тойын тойлады. Сәрсенбіде «Спартак» хоккейшілері сырт айдындағы матчтар сериясын «Авангардпен» бастап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Омбылық спортшылар кздесудің соңғы секундында ғана гол соға білді. Бұл кездесуде Максим Цыплаков, Джозеф Кин мен Максим Чудинов нәтижелі соққы авторлары атанды. Максим Чудионов болса, команда сапындағы алғашқы голын соқты.с Роман Старченко өз есебіне екі нәтижелі пасты жазды. Қақпашы Алексей Красиков 28 соққыны қайтара білді. Мәскеулік команда бапкері Игорь Гришин шәкірттерінің белсенді ойнап, өз мүмкіндіктерін қолданғанын айтты.
Биылғы маусымның 35 кездесуінде «Спартак» 37 ұпай еншіледі, бұл команданың Батыс конференциясында алтыншы орынға табан тіреуге мүмкіндік беріп тұр. Команданың үздік сұрмергені Александр Хохлачев (8+17) соңғы 10 кездесудің сегізінде ұпай жинап келеді. Қорғаушылар Александр Брынцев, Дмитрий Вишневский, Даниил Орлов мен Семен Ручкин жарақат алғандар тізімінде.
Өткен матчта «Барыс» өз айдыныда «Ақ Барсқа» жол берді – 1:2. Қарсылас қақпасына соғылған жалғыз голды Әлихан Әсетов соқты. Никита Бояркин 14 соққыға тосқауыл болды. Ойыннан кейінгі баспасөз конференциясында Андрей Скабелка нәтижеге бәрінің көңілі толмайтынын, алайда астаналық хоккейшілердің ойыны бапкерлердің ойынан шыққанын жеткізді.
Маусымдағы кездесулер санының бел ортасынан асқан «Барыстың» еншісінде 34 ұпай бар. Линден Вей (13+8) – қазақстандық команданың ең үздік ойыншысы. Кеше команда сапына Александр грант қосылды, ол бүгін топтағы алғашқы жаттығуын өткізеді. Энтони Луистің кездесуге қатыспауы мүмкін.
Биылғы маусымдағы алғашқы бетпе-бет кездесуде «Барыс» өз алаңында «Спартакты» жеңген (3:1).
Матч алдындағы шоу 19:00-де басталады. Өз орныңызды ертерек алуыңызды сұраймыз! Ойында тек Chevrolet Nexia көлігін сылап қоймаймыз, сондай «Алашұлы» тобының ұмытылмас өнерін ұсынамыз.
Ойын Астана уақытымен 19:30-да «Барыс-Аренада» басталады.
Билеттер - ticket.hcbarys.kz
Тікелей көрсетілімді KHL телеарнасынан, «Барыс» ХК ресми сайтынан және BasSport сайтынан көруге болады.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.