ҚХЛ. Барыс – Сібір матчының алдында
01 Қараша 2022

ҚХЛ. Барыс – Сібір матчының алдында

«Барыс» қараша айының бағдарламасын «Сібірмен» үйде болар ойынмен ашады.

Командалардың өткен кездесуінен бері бір аптадан аз уақыт өтті. Бұл ойында «Барыс» 3:4 есебімен қарсыластарына жол берді, айта кетерлігі, ойын барысында астаналықтар есепте екі шайба алда болып, басымдықты уысынан жіберіп алды.

Осыдан кейін «Сібір» «Северсталь» командасын 5:1 есебімен тас-талқан етіп, осылайша өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті. Тейлор Бек қос шайба авторы атанды, Владимир Бутузов, қатарынан үшінші ойында гол соққан Никита Коротков пен Вячеслав Осовин қарсылас қақпасына бір голдан соқты. Қақпашы Денис Костин қақпасына бағытталған 26 соққыны қайтарды. Андрей Мартемьянов «Северсталь» алғашқы минуттардан бастап ойында басымдыққа ие болғанын, бірақ оның командасы дер кезінде ойынды бақылауға алып, матч барысын өзгерткенін атап өтті.

Айдың басындағы жағдай бойынша «Сібір» Шығыс конференциясының кестесінде төртінші орынға тұрақтады. Команда қоржынында 25 матчтан кейін 30 ұпай бар. Команданың үздік бомбардирі Тейлор Бек (24 ұпай, 8+16) соңғы тоғыз матчта тұрақты түрде ұпай жинауда. Ол ҚХЛ-дағы ең нәтижелі топ-4 ойыншының қатарына кіреді. Тревор Мерфи 21 ұпаймен қорғаушылар арасындағы Лиганың үздік бомбардирлерінің тізімінде көш бастап тұр.

«Барыс» қатарынан бес жеңілістен кейін Шығыс конференциясының кубоктық сегіздігінен шығып қалуы мүмкін. Сенбі күні астаналықтар Уфада «Салават Юлаевқа» 1:5 есебімен жол берді. Қонақтар құрамындағы жалғыз шайбаның авторы Егор Петухов болды. Юлиус Гудачек өзі қорғаған қақпаны 22 рет аман сақтап қалды. Андрей Скабелка баспасөз мәслихатында жақын арада кейбір ойыншыларға қатысты шешімдер қабылданатынын айтты. Қорғаушы Кристофер Биграсты бас тарту тізіміне ауыстыру мұндай шешімдердің алғашқысы болды.

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың қоржынында 25 кездесудің қорытындысы бойынша 23 ұпай бар. Линден Вэй команданың үздік бомбардирі болып қала беруде, оның еншісінде 17 (11+6) ұпай бар. Шабуылшылар Ансар Шайхмедденов, Майкл Шапю мен Никита Михайлис әлі де жарақат алғандар тізімінде. Алдағы ойынды «Сібірге» қарсы матчта жарақат алған қорғаушы Самат Данияр да жіберіп алатын көрінеді.

 

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.

Билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан және біздің ticket.hcbarys.kz сайтынан сатып алуға болады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL Prime арналарында өтеді.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис Қазақстан әйелдер чемпионатындағы алғашқы ойынын 24 қазанда өткізеді

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы

new-preview
Barys
Tomiris

Арина Щёколова – Qyzdar Ligasy-ның үздік қақпашысы