ҚХЛ. Барыс – Северсталь матчының алдында
24 Қазан 2021

ҚХЛ. Барыс – Северсталь матчының алдында


«Барыс» қысқа үй сериясын «Северстальмен» өтетін ойынмен жабады.

Череповец қаласының ұжымы Нұр-Сұлтанға қатарынан үш матчтағы жеңіс сериясымен келді. Жұма күні Андрей Разиннің шәкірттері үй айдынында Ригалық «Динамоны» 2:0 есебімен жеңді. Соғылған шайбалардың авторлары - Йоонас Няттинен және команданың үздік бомбардирі Даниил Вовченко (11 ұпай, 4+7). Қақпашы Константин Шостак қақпаға жасалған барлық 25 соққыны қайтарды. «Северсталь» бапкері ойыннан кейін оның шәкірттері тікелей бәсекелесімен шайқас алдындағы жауапкершілікті түсінгенін және қорғаныста жақсы ойнағандарын атап өтті.

Қазіргі уақытта «Северсталь» Батыс Конференциясының сегізінші орнына табан тіреді. Команда активінде 20 кездесуден кейін 22 балл бар. 23 қазан күні кешке жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Макар Хабаров пен шабуылшы Егор Морозов болды.

«Барыс» өткен турда үй айдынында «Локомотивке» есе жіберді. Қарсыластар қақпасына салынған жалғыз шайбаның авторы Якоб Лилья атанды. Қақпашы Никита Бояркин 35 соққыны қайтарды. Бас жаттықтырушы Юрий Михайлис ойыншылардың екі кезең бойы жеке іс-қимылдарды артық көргендеріне қынжылды.

Нұр-Сұлтан қаласының ұжымы Шығыс конференциясының жетінші орнында әлі де тұрақтап тұр. «Барыс» 21 ойында 18 ұпай жинады. Ең нәтижелі ойыншы Никита Михайлис (23 ұпай, 9+14) Лиганың топ-4 бомбардирлерінің қатарына кіреді. Қорғаушы Джо Морроу алған жарақатынан кейін қалпына келуде.

Өткен маусымда «Барыс» пен «Северсталь» екі рет ойнаған еді. Әр команда қонақта бір-бір жеңіске қол жеткізді.

 

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен 17:00-де басталады.

Барыс LIVE тікелей эфир студиясы Динара Байқадамова және Жігер Азбергеновпен бірге астана уақытымен 16:20-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport арнасында, сондай-ақ біздің сайтта және Google Play Market пен App Store-да жүктеуге қолжетімді ресми мобильді қосымшада өтеді.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арен» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады. Матчтарға «жасыл» мәртебесі бар адамдар ғана жіберілетініне назар аударуды сұраймыз.

Fonbet - «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесідей коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,05 | Х – 4,20 | П2 - 3,10.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2