ҚХЛ. Барыс - Металлург матчының алдында
05 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс - Металлург матчының алдында


Жаңа маусымның екінші ойынында «Барыс» өз айдынында Магнитогорск қаласының «Металлург» ұжымын қабылдайтын болады.

Илья Воробьевтің командасы чемпионатты «Автомобилист» командасын қонақта 6:2 есебімен ұтып, сенімді жеңістен бастады. Жуырда ғана «Металлургтің» құрамын толықтырған команданың жаңа ойыншысы Денис Зернов қос шайбаның авторы атанды. Тағы да бір-бір шайбадан Анатолий Никонцев, Андрей Чибисов, Филипп Майе және Линус Хульстрем өз есептеріне жазды. Қақпашы Василий Кошечкин қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

Магнитогорск ұжымының жаттықтырушысы Илья Воробьев өз шәкірттерінің әрекетіне риза болды, бірақ тек 60-тан 50 минут ішіндегі уақытқа ғана, сонымен қатар командаға дайындық маусымы үшін баға беруден бас тартты.

4 қыркүйектегі жағдай бойынша шабуылшы Богдан Потехин жарақат алғандар тізімінде болды.

«Барыс» маусымның алғашқы ойнында өз айдынында "Салават Юлаев» командасын қабылдап, 1:5 есебімен жол берді. Нұр-сұлтан ұжымының құрамындағы алғашқы және әзірге жалғыз шайбаның авторы Якоб Лилья болды. Бұл күні қазақстандық командада ҚХЛ деңгейінде бірден жеті ойыншы алғашқы ойындарына қатысты, олардың қатарына жас шабуылшы Аңсар Шайхмедденов пен Алдияр Нұрлан кірді. Қақпашы Никита Бояркин лигадағы алғашқы матчында қақпаға бағытталған 23 соққыны қайтарды. Роман Старченко ҚХЛ-да 700 өткізілген матч таңғаларлық межеге жетті.

Айта кету керек, "Барыс" көптеген гол соғатын сәттерді жасағанмен, бірақ оларды жүзеге асыру нашар болды. Баспасөз мәслихатында бас бапкер Юрий Михайлис жеңілістің себептерінің бірі ретінде дәл осы жайтты атап өтті. Сондай-ақ, маман ойыннан қуылулардың көптеп орын алғанынына қынжылды.

Өткен маусымдағы чемпионатта «Барыс» пен «Металлург» төрт рет кездесіп, үш ойында Магнитогорск ұжымы жеңіске жетті. Сондай-ақ, командалар плей-оффтың бірінші раундында кездесті, оның қорытындысы бойынша «Металлург» әрі қарай өтті.

 

«Барыс-Аренада» өтетін ойын елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында болады.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,50 | Х – 3,90 | П2 - 2,50.

«Барыс» ХК Бас әріптесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2