ҚХЛ. Барыс – Автомобилист матчының алдында
27 Қыркүйек 2021

ҚХЛ. Барыс – Автомобилист матчының алдында


«Барыс» үй сериясын «Автомобилистпен» кездесумен жабатын болады.

Екатеринбург қаласынан келген ұжым сенбі күні «Тракторға» қарсы өте қиын матч өткізді. 65 минут ішінде челябинскілер қарсыластың қақпасына 54 соққы жасады, бірақ олардың біреуі ғана нәтижелі болды. Бұл «Автомобилистке» буллиттер сериясына жетуге, ал қақпашы Владимир Галкинге ҚХЛ матчындағы қақпаны құтқару саны бойынша жеке рекорд орнатуға мүмкіндік берді. Дегенмен жеңіс «Трактор» командасында қалды (2:1 Б). Алаң иелерінің шабуылшысы Сергей Шумаков өз мергендік есебін толықтырды. «Автомобилисттің» бас бапкері Билл Питерс өз командасына өз аймағынан шығу қиынға түскенін, сондай-ақ қақпашы Галкиннің ілгері басуын атап өтті.

27 қыркүйектің таңертеңіне «Автомобилист» командасының жарақат алған ойыншылар тізімінде шабуылшы Максим Рассейкин бар.

«Барыс» өткен турда «Сібірмен» мұз айдынында әжептәуір тер төкті. Нұр-сұлтан қаласының ұжымы ЦСКА-мен ойындағы сияқты қарсыласынан белсенді болды. Алайда, іс овертаймның соңғы минутында ғана айдын иелерінің пайдасына шешілді – 2:1. Соғылған шайбалардың авторлары Даррен Диц пен Кертис Волк болды. Йони Ортио 26 соққыны қайтарды. Никита Михайлис командада бірінші болып 10 ұпай межесіне жетті, қазір оның есебінде 3 шайба мен 7 пас бар. Юрий Михайлис баспасөз конференциясында қауіпті сәттерді голға ұластыру әлі де идеалдан алыс екенін тағы да атап өтті, сонымен қатар құрамда Томасты Савицкийге алмастыру туралы айтты.

Өткен маусымда «Барыс» пен «Автомобилист» өзара төрт рет ойнады. Командалар негізгі уақытта екі реттен жеңіске жетті, айта кетерлігі барлық ойындарда көп гол соғылмады.

«Барыс-Аренада» өтетін матч астана уақытымен 19:30-да басталады.

Барыс LIVE тікелей эфир студиясы Динара Байқадамова және Жігер Азбергеновпен бірге астана уақытымен 18:50-де басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport, KHL және KHL Prime арналарында болады.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,90 | Х – 4,10 | П2 - 2,15.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2