ҚХЛ. «Автомобилист» - «Барыс» матчы қарсаңында
28 Қараша 2022

ҚХЛ. «Автомобилист» - «Барыс» матчы қарсаңында

«Барыс» сырт айдындағы екі матчтан тұратын қысқа ойындар сериясын «Автомобилистпен» бастайды.


Екатеринбургтік команда «Барыспен» болар ойынға Шығыс конференциясының көшбасшысы ретінде келіп отыр. Алайда өткен ойында Николай Заварухиннің шәкірттері овертаймда «Салават Юлаевқа» жол беріп, жеңісті сериясын үзді. Сергей Зборовский мен Даниил Тарасов уфалықтардың қақпасын дәл көздеді. Қақпашы Игорь Бобков қақпаға бағытталған 27 соққыға тосқауыл болды. «Автомобилистің» бас бапкері шәкірттерінің қатарынан екі рет айып уақытын алуы қарсыластың жеңіске жетуіне көмектесті деді.


ҚХЛ тұрақты маусымының 34 матчында екатеринбургтік хоккейшілер 49 ұпай жинаған. Брукс Мэйсек (24+14) – Құрлықтық хоккей лигасының үздік сұрмергені және ең нәтижелі ойыншысы. «Барыспен» болар матчтан бір күн бұрын команданың шабуылшылары Анатолий Голышев, Патрис Кормье мен Алексей Макеев жарақат алғандар тізімінде тұрды.


Өткен жұмада «Барыс» өз айдынында «Спартактан» жеңілді. Никита Михайлис нәтижелі соққысыз өткен матчтар сериясын үзіп, команда бірінші болып есеп ашқан. Алайда одан әрі қарай мәскеуліктер ғана гол соқты. Михаил Рахманов өзінің маусымдағы алғашқы ұпайын еншіледі. Қақпашы Юлиус Гудачек қақпасына бағытталған 20 соққыны кері қайыра білді. Андрей Скабелка «Барыстың» жақсы бастаған матчына кем құрамдағы ойын әсер етті деп қорытынды жасады.


Қазақстандық команда 35 кездесуден кейін 30 ұпай жинап, Шығыс конференциясы турнирлік кестесінің 9-орнында тұр. Сырт алаңдағы екі ойынға қорғаушы Юрий Сергиенко, шабуылшылар Джереми Бракко мен Макйл Шапю қатыспайды.


«Барыс» пен «Автомобилист» осы маусымда екі реет кездесіп үлгерді және екі команданың еншісінде бір жеңістен бар. Командалар бір-біріне қарсы өз айдындарында өткізген матчтарда жеңіске жеткен және екеуі де бірдей 2:0 есебімен аяқталды.
 


Матч Астана уақытымен 20:00-де «Уралец» МСК басталады.


Ойынның тікелей көрсетілімін KHL және KHL Prime телеарналарынан, «Барыс» ХК ресми сайтынан және BasSport сайтынан көруге болады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2