ҚХЛ. "Металлург" - "Барыс". Матч алдында
26 Қараша 2019

ҚХЛ. "Металлург" - "Барыс". Матч алдында

  Өзінің 20 жылдығы күнін "Барыс" Магнитогорскідегі матчпен ҚХЛ-ғы тұрақты чеспионат аясындағы сапарлық қысқа серияны ашады. Біздің команда маусымда үшінші рет "Металлургпен" кездеседі. Алдыңғы екі кездесулерде командалар қонақтық жеңістерімен алмасты. Магнитогорскіге "Барыс" өз айдынындағы матчта "Амурдан" жеңіліп келді – 2:3. Негізгі уақытта қазақстандық командада Павел Акользин мен Аркадий Шестаков көзге түсті. Никита Михайлис ҚХЛ-дағы 200-ші матчын нәтижелі түрде атап өтті. Овертаймда Руденковтың голы қонақтарға жеңіс әкелді. Дүйсенбі күні "Барыс" шабуылшы Эрик Тангрэйдиді бас тартулар тізіміне енгізді. Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс" 29 ойында 36 ұпай жинап, бесінші орында тұр.
Жарақат алған ойыншылар тізімінде-Виктор Сведберг пен Ииро Пакаринен.   

"Металлург" Қиыр Шығыс пен Қытай бойынша сапарлық серияны сәтсіз өткізіп, негізгі уақытта үш матчта жеңіліс тапты. Бейсенбі күні Илья Воробьевтің командасы Владивостоктағы "Адмиралға" – 4:5 есебімен жол берді. Бұл ретте қонақтар есеп бойынша төрт рет алда болғанымен, басымдықты қорғай алмады. Сергей Мозякин 3  (2+1) жинап, Андрей Нестрашил мен Эрик О,Делл бір бір шайбадан қосты. Қақпашы Станислав Галимов 24 голды тойтарды. Шығыс Конференциясының кестесінде "Металлург" жетінші орында – 31-ші матчта 33 ұпай. Жарақат алған ойыншылар тізімінде қорғаушы Иван Верещагин, шабуылшы Брэндон Козун мен Никита Рожков.    

Магнитогорскідегі матчтың басталуы 20:00.
Тікелей трансляция Qazsport арнасында .
Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 1,95 | Х - 4,00 | П2 - 3,40.  Толығырақ сілтеме бойынша

 "Барыс" ХК – ның бас серіктесі-"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ


 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2