ҚХЛ. Шығыстың ¼ финалы. Барыс - Металлург. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)
07 Наурыз 2022

ҚХЛ. Шығыстың ¼ финалы. Барыс - Металлург. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)

Шығыстың ¼ финалының «Барыс» пен «Металлург» арасындағы төртінші матчынан кейін (2:5) бас жаттықтырушылардың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.



 

Илья Воробьев, «Металлургтің» бас жаттықтырушысы

- Денис Зернов жақсы ойын көрсетіп, үш гол соқты. Жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Келесі ойынға дайындалудамыз.

 

- Линус Виделль ойыны бойынша не айтасыз?

- Оны таныстырудың қажеті жоқ, ол лигада танымал, жақсы, шебер ойыншы. Бүгін гол соқты, жарады!

Юрий Михайлис, «Барыс» командасының бас жаттықтырушысы

- Өткен жеңілістен кейін жанкүйерлеріміздің алдында ақталғымыз келді, бірақ шықпады. Жігіттердің ынтамен ойнады, бірақ біз бүгін ортаңғы аймақ пен өз қақпа алдымыздағы алаңымызды қолдан жіберіп алдық. Жіберіп алған голдар мен қателіктер бізге ойындағы бастамаға ие болуға және қарсылас аймақта көп ойнауға мүмкіндік бермеді. Жақсы сәттер болды, бірақ бүгін біз оларды голға ұластыра алмадық Ойын құрамындағы сан 5:3 болғанда кездесу барысын өзгерте алатын едік, бірақ шабуылшыларымыз мүлт кетіп жатты.

 

- Қақпашы ауыстырылады деп күтілген еді, бұл туралы не айтасыз?

- Йони Ортио ойында болды. Иә, кей жерлерде ол бізге көмектесе алмады, бірақ мұнда оның кінәсі болмады. Мүмкін, Магнитогорск қаласында Никита Бояркинді ойын басынан қақпаға қоятын шығармыз.

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2