ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев. Матч алдында
14 Қаңтар 2020

ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев. Матч алдында

 Үй сериясының кезекті матчын "Барыс"  сейсенбі күні өткізеді. Екі тартысты ойыннан кейін демалыс командасы қалпына келтіру жаттығуларын өткізді. "Салават Юлаевпен" матчқа капитан Даррен Диц қайтарылады. "Локомотив" қорғаушысы дисквалификациясын өтей отырып, ойынды мінбеден бақылады. Ярославлықтармен болған ойында "Барыс" 4:3 есебімен жеңіске жетті –  овертаймдағы Дмиртрий Гурковтың пасы Антон Сагадеевті қақпашаның "1ден 0" шығарып, қорғаушы қақпашыдан басым түсті. Негізгі уақытта "Барыс" үшін Никита Михайлис, Корбэн Найт және Дастин Бойд көзге түсті. Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс" 3-ші орында – 47 матчта 61 ұпай. Жарақат алған ойыншылар тізімінде: қорғаушы Виктор Сведберг пен шабуылшы Ииро Пакаринен.

"Салават Юлаев" "Барыспен" болатын матчпен қысқа сапарлық серияны ашады. Уфалықтар Қазақстанға ригалық "Динамоны" сенімді түрде жеңген соң келді -5:0. Бір бір шайбадан Владимир Жарков, Тему Хартикайнен, Алексей Кручинин салды, екі голды Эдуард Гиматов салды. Алдағы матчта уфимдік команданың капитаны Григорий Панин ойнамайды-қорғаушы "Динамо Ригамен" матчта ережені бұзғаны үшін төрт матчтық дисквалификациясын өтей бастады. "Салават Юлаев" Шығыс Конференциясының кестесінде 7-ші орында-46 ойында 52 ұпай. Жарақат алған ойыншылар тізімі бос.

Басталуы "Батыс Аренада" астана уақыты  бойынша 19:30.
Тікелей көрсетілімі "Qazsport" және "КХЛ-TV".
Жанкүйерлер үшін аренаға автобустар ұйымдастырылған
 Ұтыстар мен билеттер туралы ақпарат осы жерде қолжетімді.
Fonbet - "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттер ұсынады: П1 - 2,20 | Х - 3,90 | П2 – 2,90. Толығырақ сілтеме бойынша


"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.
 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2