ҚХЛ. Барыс – Йокерит. Матчтың алдында
21 Қазан 2020

ҚХЛ. Барыс – Йокерит. Матчтың алдында

 "Барыстың" өз алаңындағы қысқа сериясы сәрсенбі күні "Йокеритке" қарсы матчпен жабылады. Қазанда "Ақ Барспен" болған ойыннан соң,  Юрий Михайлистің командасында "джокерлермен" кездесуге дайындалуға төрт күн болды. Матчқа "Барыс" қатарынан үш жеңістен тұратын сериямен келеді – әзірше маусымдағы ең ұзақ жеңіс сериясы. Бұл жеңістердің барлығы овертаймда болды. Жұма күні Қазанда Даррен Диц пен Роман Старченконың тамаша үйлесімі экстра-кезеңнің ең басында –  "Ақ Барыс" қақпасын бұзды-1:0. Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс" 12 ойында 15 ұпай жинап, 8-ші орынға жайғасты. Алексей Маклюков пен Хенрик Карлссон жарақат алғандар тізімінде.

"Йокерит" Қазақстанға Хабаровскіден келді. Бұл фин командасының Шығыс турындағы үшінші және соңғы матчы. Дүйсенбіде Лаури Марьямяки командасы "Амурмен" өткен ойында жеңілді-1:4. Қонақтардың жалғыз шайбасының авторы ҚХЛ өткен маусымының үздік қорғаушысы Микко Лехтонен болды. Оның осы маусымда жеті голы бар. Жеңілгеніне қарамастан, "Йокерит" Батыс көшбасшыларының тобында сенімді тұр-19 ұпай және конференция кестесінде бесінші орын. Сонымен қатар, фин командасының тікелей бәсекелестер алдында бірнеше матчтары бар. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Якуб Крейчик бар. 

"Барыс Аренада" өтетін ойын елорда уақытымен 19:30-да басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және КХЛ-ТВ HD.
Матч КӨРЕРМЕНДЕРСІЗ өтеді.
"Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы Fonbet алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 3,20 | Х – 4,20 | П2 - 2,00. 

   "Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2