ҚХЛ. Барыс – Динамо Мск. Матч алдында
12 Қыркүйек 2020

ҚХЛ. Барыс – Динамо Мск. Матч алдында

 "Барыс" тұрақты чемпионаттың бастапқы үй сериясындағы екінші матчты сенбі күні "Барыс Аренада" өткізеді. Юрий Михайлистің командасы мәскеулік "Динамомен" кездеседі. Бейсенбіде "Барыс" Куньлунь" командасын жеңіп үй сериясын сәтті бастады-3:2. Никита Михайлис, Якоб Лилья және Виктор Сведберг бір-бір шайбадан гол соқты. Швед шабуылшысы үшін шайба ҚХЛ-ғы дебютті шайба болды. Михайлис, өз кезегінде, маусымның басынан бастап әр матчта гол салып жүр, Никита КХЛ чемпионатында мергендік сайысты 4 ойында төрт голмен бастап берді. Команданың жаңа ойыншысы Дмитрий Гренц бұл маусымда өз дебютіне дайындалып жатыр. Шығыс Конференциясының кестесінде "Барыс" алтыншы орында – 4 матчта 5 ұпай. Жарақаттанғандардың тізімі бос.

Мәскеулік "Динамо" маусым стартында әзірге өз ойынын таба алмай жүр. Владимир Крикуновтың шәкірттері барлық үш матчта жеңіліп, Батыстағы жеңіс бағанында ноль деп жазылған жалғыз команда болып қалып отыр. Сәрсенбіде "Динамо" өз алаңында "Локомотивпен" болған кездесуде екі рет көшбастағанмен есе жіберіп алды-2:3. Гол авторлары Дмитрий Яшкин мен Даниил Тарасов болды. "Динамо" Батыс Конференциясының кестесінде соңғы орында. Жаттықтырушылар штабы "Шипачев – Яшкин - Кагарлицкий" жұлдызды буынын екіге бөлу туралы шешім қабылдады, форвардтар басқа үйлесімде өнер көрсетеді. "Динамоның" толық сапының іске асыру көрсеткіші тек 6%  болып тұр. Бұл ретте, мәскеу клубы Қазақстан астанасындағы соңғы үш матчты жеңіп алды.

"Барыс Аренада" өтетін ойын елорда уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.
Тікелей көрсетілім Qazsport және КХЛ-ТВ HD.
Матч КӨРЕРМЕНДЕРСІЗ өтеді.
 "Барыс" ХК ресми букмекерлік компаниясы Fonbet алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 - 2,45 | Х – 5,10| П2 - 6,00. 

 "Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2