ҚХЛ. «Барыс» – «Автомобилист» 5:4 Б
24 Желтоқсан 2022

ҚХЛ. «Барыс» – «Автомобилист» 5:4 Б

Биылғы жылдың өз айдынындағы соңғы матчтар сериясының нүктесін екатеринбургтік «Автомобилистпен» болған ойынмен қойған «Барыс» буллиттер соққысында жеңіске қол жеткізді.

Айдын иелері кездесуді жақсы бастап, Егор Петухов команданың сан басымдығында ойнауына жағдай жасап беріп, Кирилл Савицкий оны жүзеге асырды. «Автомобилист» «екіге бір» шабуыл жасап, Анатолий Голышев нәтижелі соққының авторы атанды.

Ойынның екінші бөлігі нәтижелі өтті. Алдымен қонақтар астаналық жанкүйерлердің көңілін түсіріп, Данил Романцев Никита Бояркиннен айласын асырып кетті. Кейін қақпашымен бетпе-бет шыққан Сергей Широков үшінші годы салды. Алайда үзіліске дейін «Барыс» таблодағы көрсеткішті теңестіріп үлгерді. Майкл Шапю сан басымдығын жүзеге асырса, кезеңнің аяқталуына 19 секунд қалғанда Никита Михайлис Игорь Бобков қорғаған қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді.

Қорытынды жиырма минуттықтың басында Егор Петухов өз стилінде гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Бұл шабуылда «Барысқа» қайта оралған Дмитрий Шевченко команда сапындағы алғашқы ұпайын олжалады. Брукс Мэйсек артық құрамды жүзеге асырып, таблодағы көрсеткішті тағы да тең етті. Ақырында бұл теңдік буллиттер сериясына дейін сақталып, бұл сында айдын иелері үздік шықты. Астаналық ұжымға жеңіс сыйлаған соққы авторы – Никита Михайлис.

26 желтоқсан күні Андрей Скабелка шәкірттері сырт айдында «Авангардпен» ойнайды.

 «Барыс» – «Автомобилист» 5:4 Б (1:1, 2:2, 1:1, 1:0)

1:0 – 02:31 – Савицкий (Бекетаев) СБШ

1:1 – 11:04 – Голышев (Широков)

1:2 – 32:17 – Романцев (Неучев)

1:3 – 33:20 – Широков (Жукенов)

2:3 – 37:51 – Шапю (Грант, Луис) СБШ

3:3 – 39:41 – Михайлис (Вей)

4:3 – 45:34 – Петухов (Шестаков, Шевченко)

4:4 – 48:22 – Мэйсек (Широков, Волк) СБШ

5:4 – 65:00 – Михайлис Б

Қақпашылар: Бояркин – Бобков

«Барыс-Арена». 5699 көрермен

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн