ҚХЛ. Барыс – Амур. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)
15 Қазан 2022

ҚХЛ. Барыс – Амур. Жаттықтырушылардың түсініктемелері (бейне)

«Барыс» - «Амур» матчынан кейін (5:1) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Вадим Епанчинцев, «Амурдың» бас жаттықтырушысы

- Матчқа келетін болсақ, бірінші кезең азды-көпті жақсы өткен шығар. Екінші кезеңде, менің ойымша, бәрін қысқа мерзімде өткізіп алған бірнеше гол шешті. Өкінішке орай, қарсылас біздің қателіктерімізді жақсы пайдаланып қалды. Қақпашылар көрсеткен ойын бізге ойында қалуға мүмкіндік бермеді. Бұл, менің ойымша, командалық жеңіліс, қарсылас бүгін жеңіске көбірек лайық болды.

- Жалпы нәтижелілік туралы сұрамасқа болмас, соңғы матчтарда не болды?

 - Нәтижелілік жоқ десе де болады. Біз аз гол соғудамыз және осыдан қиындықтар туындауда. Біз бұған баса назар аударудамыз. Кей жерде сәттілік, енді бірде шеберлік жетіспей жатады. Қақпаға көбірек қауіп төндіру керек. Хоккейде айтатындай, «қақпашыны жүктеу» қажет, сонда ол қате жіберіп ол қате соғылған шайбаға ұласатын болады. Өкінішке орай, біз қақпа алдында осындай сәттерді жасамаймыз. Осы сәттерге назар аударамыз, бірақ, өкінішке орай, іске асыру қолдан келмей тұр.

Андрей Скабелка, «Барыстың» бас жаттықтырушысы

- Бірінші кезекте жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бүгін олар бізге қызу қолдау көрсетті. Ойын бойынша: бірінші кезең жақсы өтті. Бірақ кейбір сәттерде шабуылды бастау кезінде қате шешім қабылдап жаттық. Әсіресе, көпшілікте ойнаған сәттерде. Басымдықты арттырудың орнына, қарсыласқа ойынға қалуда мүмкіндік бердік. Жігіттерге, үзілісте айтқан кеңестерге құлақ асып, екінші кезеңде ойынға мүлдем басқа энергиямен, құлшыныспен шыққандары үшін рақмет. Шабуылда керемет ойнады. Жақсы голдар соқты, тағы да гол соғуға болар еді. Біз жігіттерден ұқыпты ойнауды, қарсыласымызға біздің аймақта еркін ойнауға мүмкіндік бермеуді сұрадық. Сонымен қатар қарсы шабуылдарды күтілді. Істі жеңіске жеткізгіміз келді. Жігіттерге рақмет! Осы матч үшін жанкүйерлерге рақмет! Енді «Торпедомен» болатын ойынға дайындаламыз.

- Кезекті матчта бұғатталған соққылардың саны 20-дан асты. Жанқиярлық туралы айтуға бола ма?

- Мен, әрине, жігіттерге бұл үшін алғыс айтқым келеді. Бірақ мен айтқанымдай, бұл техникалық элемент. Біз бұл біздің жүйеге, қорғаныс ойын жүйесіне айналғанын қалаймыз, өз орындарымызда ойнағымыз келеді және сонымен қатар лақтыру сызығында болғымыз келеді.

- Никита Михайлис міне маусымдағы алғашқы голын соқты. Не дер едіңіз?

- Мен Никитаға қатты назар аудармас едім. Ол әлі де өз голдарын соғып үлгереді, әжептәуір көп гол соғатын болады. Ол командаға барлық компоненттерде пайда әкелуде. Тіпті ең мықты бомбардирлердің де түрлі кезеңдері болып жатады.

- Шапю мен Шайхмедденов матч барысында ойыннан шығып қалды, қандай да бір ақпарат бар ма?

- Келесі матчқа қалай боларын білмеймін, бірақ егер олар шыға алмаса, бұл бүгінгі ойыннан кейінгі жағымсыз сәт болады.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс Бояркин мен Гайтамировпен келісімшартын бұзды

new-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Снежные Барсы командасының 2026/27 маусымындағы алғашқы өз алаңындағы ойыны

new-preview
Barys
Tomiris

Томирис командасының 2026/27 маусымындағы бапкерлер штабы