ҚР Президенті Кубогы қатысушыларының құрамы мен форматы өзгертілді
09 Тамыз 2021

ҚР Президенті Кубогы қатысушыларының құрамы мен форматы өзгертілді

Рига "Динамо" ХК-ның Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы Кубогына қатысудан бас тартуына байланысты турнирге қатысушылар құрамын және оның форматын өзгерту туралы шешім қабылданды.

 

11 тамызда олжа үшін күреске "Барыс", "Куньлунь", қарағандылық "Сарыарқа" және өскемендік "Торпедо" қатысады. Алдын ала кезеңде командалар бір айналымда ойнайды. Одан кейін топтық турнир қорытындысы бойынша бірінші және екінші орын алған екі ұжым финалдық кездесуге шығады. Сондай-ақ, үшінші орын үшін кездесу өтеді. Шешуші матчтар 15 тамызға жоспарланған. 

 

Алдағы ҚРПК матчтары көрермендердің мінберге кіруінсіз өтетініне назар аударған жөн.

 

- Өкінішке орай, ригалық "Динамо" басшылығы осы жылы ҚР Президенті Кубогына команданың қатыспауы туралы шешім қабылдады. Мәселе мынада, қазіргі уақытта барлық Динамо ойыншылары вакцинацияның толық курсынан өткен жоқ. Бұл спортшылар Латвияға оралған кезде 14 күндік өзін-өзі оқшаулауға кетуі керек дегенді білдіреді", - деді "Барыс" президенті Борис Иванищев. - Сондықтан біз ҚР Президентінің Кубогына екі қазақстандық команданы шақыруды жөн көрдік. "Сарыарқа" және "Торпедоның" басшылығына оң жауаптары үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз жарыс кезінде барлық қатысушылардың, барлық спортшылар мен қызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді салатындығымызды тағы да айтқым келеді.

 

Ойындар күнтізбесі

11 тамыз (сәрсенбі)

15:00 "Торпедо" - "Куньлунь Ред Стар"

19:30 "Барыс" - "Сарыарқа"

 

12 тамыз (бейсенбі)

15: 00 "Сарыарқа" - "Торпедо"

19:30 "Куньлунь Ред Стар" - "Барыс"

 

13 тамыз (жұма)

ДЕМАЛЫС

 

14 тамыз (сенбі)
12: 00 "Куньлунь Ред Стар" - "Сарыарқа"

17:00 "Барыс" - "Торпедо"

 

15 тамыз (жексенбі)
12:00 Үшінші орын үшін матч

17:00 Финал

 

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Швеция

new-preview
12 фото
Barys
Nomad

Әлем кубогі Қазақстан – Латвия

new-preview
Barys
Nomad

ӘЧ-2024. Словакия – Қазақстан 6:2